05.01.2017, 21:33 4709

ҚР Ішкі істер министрлігініӊ Көші-қон қызметі комитеті құрылмақшы

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметіне ҚР Ішкі істер министрлігініӊ Көші-қон қызметі комитетін құруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметіне ҚР Ішкі істер министрлігініӊ Көші-қон қызметі комитетін құруды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, 2017 жылдыӊ 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасыныӊ 2017 - 2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірленуі тиіс. Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды. "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі: 1) қайта бөлiнетiн штат саны шеӊберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ Көші-қон қызметі комитетін құруды; 2) Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар арасында штат санын қайта бөлуді; 3) 2017 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасыныӊ 2017 - 2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеуді; 4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін", делінген құжатта. Жарлықтыӊ орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігіне жүктелген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны