29.06.2009, 15:09 2679

ҚР Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитетінің төрағасы тағайындалды

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті төрағасының лауазымына бұрын Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы болған полиция полковнигі Мұхаран Иміров тағайындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мұхаран Серікұлы Иміров ішкі істер органдарында 1976 жылдан қызмет етеді. КСРО ІІМ-нің жоғарғы мектебін бітірген. Гурьев облысының тергеу бөліністерінде қызмет атқарған, Атырау облысы Ішкі істер басқармасы, Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымдарында қызмет істеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны