05.10.2007, 15:50 3238

ҚР «Іздеу салынады» атты жедел профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында іздеуде жүрген 500-ге жуық қылмыскер ұсталды

ҚР «Іздеу салынады» атты жедел профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында іздеуде жүрген 500-ге жуық қылмыскер ұсталды


Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында "Іздеу салынады" атты жедел профилактикалық операциясы барысында іздеуде жүрген 500-ге жуық қылмыскер ұсталды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті.

Криминалдық полицияның ақпараттарына сүйенсек, операция барысында іздеуде жүрген 497 қылмыскер ұсталған. Оның ішінде 60-ы бірнеше жылдан бері іздеуде жүргендер. "Атап айтқанда, 10 кісі өлтірушілер, 16 қарақшы, 35 тонаушы, 15 адам денсаулығына аса ауыр залал келтіргендер және 3 боспалаушы қолға түсті", - деп түсіндірді комитеттегілер. Сондай-ақ, "еліміздің аумағынан тыс жерде бой тасалап жүрген 7 қылмыскер табылды. Оның ішінде, бесеуі - Ресей аумағынан, Украина және Беларусь мемлекеттерінен бір-бір адамнан табылған", - деді Криминалдық полиция комитетінің қызметкерлері.

Атап айтқанда, Қазақстаннан жіберілген тапсырма бойынша Ресейдің Владивосток қаласының құқық қорғау органдары 9 жылдан бері қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматын ұстаған. "Сонымен бірге, Челябі облысының аумағынан 2006 жылы Қостанай автовокзалының маңында бір адамды басынан кірпішпен ұрып, 89 мың теңгесін қолды қылғаны үшін іздеу салынған күдікті әшкереленді", - деп атап өтті Криминалдық полиция комитеті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны