04.04.2014, 21:07 3356

ҚР ИЖТМ өкілдері ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапарына дайындық аясында Премьер-Министр орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев бастаған қазақстандық делегация ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды.

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапарына дайындық аясында Премьер-Министр орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев бастаған қазақстандық делегация ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды.

Индустрия министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық делегацияның қатарында ККМ, АШМ, МГМ, ИЖТМ мен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "ҚТЖ" АҚ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, "ҚазМұнайГаз", ENRC, "КазФосфат" пен өзге де өкілдер болды.

Сапар барысында AVIС, SinoAgri, Цинхуа, CITICGroup, CNPC секілді компаниялар өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Соның аясында қаржы институттарымен бірігіп жұмыс істеу, агроөнеркәсіптік кешен, мұнай-газ құрылғысы өндірісі, кешенді көмір өңдеу, калий тыңайтқышын өңдеу секілді салаларда бірлескен кәсіпкерліктер құру мен индустрияландыру бағдарламасының инвестициялық жобаларын іске асыру мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, ҚХР-дағы ҚР Елшісі Н.Ермекбаевтың қатысуымен ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолимен, ҚХР коммерция министрі Гао Хучэнмен, ҚХР Даму және реформа мемлекеттік комитеті төрағасы Сюй Шаоши және ҚХР Темір жол мемлекттік басқармасы төрағасы - Көлік министрі орынбасары Лу Дунфумен кездесу өтті.

Аталмыш кездесулер барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен Мемлекет басшысның келісімін іске асыру аясында сауда-экономикалық әріптестікті жандандыру мәселесі талқыланды. Басты назарға алынған қазақстандық экспорттың артуы мен 2016 жылға қарай екі елдің басшысы мақсат еткен тауар айналымын 40 млрд долларға дейін жеткізу жайы сөз болды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімі, көмір, металл, феррохром, қорғасын аккумуляторы, фосфорлы тыңайтқыш пен өзге де тауарларды экспорттауға қолайлы жағдай жасау мәселесі де тілге тиек етілді.

Мемлекет басшыларының алға қойған мақсаттарына жету жолында тараптар қазақстандық экспорттаушылардың мәселесін шешу механизмін дайындау шарттарын дайындауға келісті. Және де жаңа технология мен туризм саласындағы да ынтымақтасты тереңдету мәселесі сөз болды.

Қазақстандық делегация сапар барысында Шэньян қаласына (Ляонин провинциясы) барып, АӨК, құрылыс, энергетика, металлургия, химиялық өнеркәсіп, машинақұрылысы қызметтерінде жұмыс істейтін жиырма шақты компания мен провинция губернаторы Чэнь Чжэнгаомен кездесті.

Тараптар Алматы облысы аумағында индустриялық парк құру туралы келісімге келді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны