18.02.2016, 10:58 3886

ҚР Қарулы Күштері Искери-теӊіз күштерініӊ старшиналары АҚШ-та білім алады

Алғаш рет ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ әскери қызметшілері Сан-Антонио және АҚШ-тыӊ өзге де қалаларында АҚШ ИТК жоғары құрамдағы старшиналардыӊ академиясында білім алады

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Алғаш рет ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ әскери қызметшілері Сан-Антонио және АҚШ-тыӊ өзге де қалаларында АҚШ ИТК жоғары құрамдағы старшиналардыӊ академиясында білім алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта өткен жылдан бастап Искери-әуе күштері, Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Искери-теӊіз күштері және әскери полицияныӊ сержанттар құрамыныӊ қызметі мен даярлау жүйесін зерделеуге назар аударылған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

2016 жылға арналған әскери байланыс жоспарын талқылау кезінде осы тапсырмаларды іске асыру үшін АҚШ-тыӊ оқу орындарыныӊ базасында старшиналарымызды оқыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақтау қаласында Ұлттық қорғаныс университетіне түсу үшін старшиналарды іріктеу өтті.

Онда ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ әскери қызметшілері 2-сыныпты старшина Дания Еркенов, 3-сыныпты старшиналар Жасұлан Есентай мен Нұрлыбек Қуатов және аға сержант Исет Дименов тіл дайындығы курсын бітіргені туралы куәлік алды. Сонымен, Ұлттық қорғаныс университетінле тіл дайынығын сәтті аяқтап және оқуға түсу үшін қажетті ұпайды жинап, алғаш рет АҚШ ИТК жоғары құрамды старшиналардыӊ академиясына (Род Айленд штаты) 3-сыныпты старшина Жасұлан Есентай аттанды.

Ол ағымдағы жылдыӊ қыркүйегіне дейін білім алады. Наурыздыӊ соӊында Калифорния штатына АҚШ-тыӊ жағалық күзет старшиналарыныӊ академиясына оқуға аға сержант Исет Дименов аттанады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны