03.04.2015, 23:25 3705

ҚР Қарулы Күштері Иуе қорғанысы күштерініӊ офицерлерін аттестациялау жаӊа өзгерістермен өтуде

Офицерлердіӊ атқартын лауызыма сәйкестігін анықтау, олардыӊ ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштеріндегі іскерлік, адамгершілік және жеке қасиеттерін бағалау енгізілген жаӊа өзгерістер негізінде жүргізіледі

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Офицерлердіӊ атқартын лауызыма сәйкестігін анықтау, олардыӊ ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштеріндегі іскерлік, адамгершілік және жеке қасиеттерін бағалау енгізілген жаӊа өзгерістер негізінде жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, бірнеше әскери бөлімдерде пилоттық рейтингтік бағалау жүйесі сыналды. Ол балл жинау арқылы жеке қасиеттерін, мүмкіндіктерін, қызметтік іс-қимыл нәтижелерін бағалауға негізделеді. Осылайша әрбір офицердіӊ өзіндік мінездемесі мен шынайы бейнесі байқалады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар, алғаш рет әскери қызметшілердіӊ аттестациясы кезінде арнайы психологиялық тестілеу және аттестацияланған офицердіӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қосқан үлесін анықтау үшін осы саладағы заӊнаманы меӊгеруін тексеру енгізілді.

Бүгінгі күні ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерінде батальон командирлерініӊ орынбасарлары және оған теӊестірілген лауазымдарда әскери қызмет өтеп жүрген барлық офицерлер аттестациядан өтті.

Естеріӊізге сала кетсек, биыл Қазақстанныӊ Қарулы Күштеріндегі офицерлерді аттестациялау екі кезеӊде өтеді. Бірінші кезеӊ, 12 қаӊтар мен 1 маусым аралығында батальон (дивизион) командирлері, бөлімдер мен командирлер орынбасарлары аттестациядан өтсе, ал екінші кезеӊ, 1 маусым мен 1 қараша аралығында барлық қалған офицерлік құрам аттестациялаудан өтетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны