18.09.2007, 11:09 1321

ҚР Қарулы күштері Иуе қорғаныс күштерінің жаңа бас қолбасшысы тағайындалды

ҚР Қарулы күштері Иуе қорғаныс күштерінің жаңа бас қолбасшысы тағайындалды. Ел президентінің бұйрығымен бұл қызметке Александр Сорокин тағайындалды.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - ҚР Қарулы күштері Иуе қорғаныс күштерінің жаңа бас қолбасшысы тағайындалды. Ел президентінің бұйрығымен бұл қызметке Александр Сорокин тағайындалды, деп хабарлайды агенттік ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Мемлекеттік БАҚ-тардың хабарлауынша, Көпен Ахмадиев ҚР Қарулы күштері Иуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Асқар Мырзахметовты Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. А. Мырзахметов "басқа қызметке ауысуына байланысты" аталмыш лауазымнан босатылған. Еске сала кетейік, ол үкіметтің шешімімен "Оңтүстік" ИКК-ның басшысы болып бекітілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны