18.03.2016, 18:25 5613

ҚР Қарулы Күштерінде байланысқа арналған машиналарды жетілдірді

ҚР Қарулы Күштерінде Байланыс бас басқармасыныӊ мұқтаждығы үшін байланыс бөлімшелеріне арналған командалық-штабтық машиналар жаӊғыртылды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерінде Байланыс бас басқармасыныӊ мұқтаждығы үшін байланыс бөлімшелеріне арналған командалық-штабтық машиналар жаӊғыртылды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тыӊ еншілес кәсіпорны С.М. Киров атындағы зауыттыӊ техникалық мамандары КАМАЗ автомобилініӊ базасында Р-142Н1 командалық-штабтық машиналарын жаӊғырту жөніндегі құрастыру-технологиялық құжаттаманы әзірледі.

Зауыт мамандарымен зауыттық және әскери сынамалардан сәтті өткен ішкі байланыс аппаратурасы мен машина коммутациясы әзірленді.

Аппаратура басқару блогын, радист блогы және абоненттердіӊ блоктарын қамтиды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

Командалық-штабтық машина тұрақта және қозғалыста байланысты, радиоарналар бойынша ақпараттыӊ (дауыс және деректер) таратылуын қамтамасыз етеді, 500 метрге дейін ұзындықта желі бойынша радиостанцияларды қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Радиостанциялардыӊ GPS-қабылдағыштары өзініӊ орналасу орныныӊ координаталарын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Қарулы Күштердегі байланыс әскерлерді басқару мүддесінде ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Байланыстыӊ басты міндеті - қолбасшыларға (командирлерге) және штабтарға кез-келген жағдайда әскерлерді үздіксіз басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету, әскерлерге белгіні уақтылы тарату.

Искери байланысқа қойылатын негізгі талаптар ол оны уақтылы орнату, жұмыс сенімділігі, іс-қимыл шапшаӊдылығы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны