13.05.2015, 15:38 4071

ҚР Қарулы Күштерінде өткен офицерлер құрамын аттестациялау әскери қызметшілердіӊ лауазымын жоғарылатуға мүмкіндік берді

Бүгінде батальон (дивизион) командирлері, олардыӊ орынбасарлары және оған теӊестірілген санаттардағы офицерлер аттестациясыныӊ бірінші және екінші кезеӊдері аяқталды

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгінде батальон (дивизион) командирлері, олардыӊ орынбасарлары және оған теӊестірілген санаттардағы офицерлер аттестациясыныӊ бірінші және екінші кезеӊдері аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Офицерлердіӊ 31% аттестациядан өтіп, олардыӊ ішінде 29 пайызы жоғарғы лауазымға тағайындау үшін резервке енгізілді. Ал 34 % оқуға жіберуге және офицерлердіӊ 3 % - жоғарғы лауазымнан төмен лауазымға ауыстыруға ұсынылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұдан өзге моралды-іскерлік және кәсіби сапасын ескере отырып аттестациядан өткен офицерлер қатарынан запасқа шығарылғандар шамамен 0,74 пайызды құрап отыр.

Искерилерді аттестациялау бойынша жұмыстар басшылық құжаттарыныӊ талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, іске асырылатынын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар Ақмола, Алматы, Қарағанды, Талдықорған және Семей гарнизонына қарасты әскери бөлімдерінде (мекемелері) тексеру жүргізілді.

Аттестацияны сапалы ұйымдастыруда ҚИББ бастығыныӊ басқармалары, Тыл бастығы, "Шығыс" және "Астана" өӊірлік қолбасшылықтары әскерлерініӊ қолбасшылары, сондай-ақ АэҰИ, ИШҚҚ және ИИК әскери бөлімдері ерекше көзге түсті.

Естеріӊізге сала кетсек, аттестацияныӊ басты мақсаты - әскери тәртіп пен офицерлердіӊ жеке қасиеттерін нығайту, оларға жүктелген міндетке деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Қазіргі уақытта Қарулы Күштердіӊ офицерлік корпусын аттестациялаудыӊ үшінші кезеӊі басталды. Оныӊ аясында бригада командирлерініӊ орынбасарлары мен оған теӊестірілген санаттағы әскерилер аттестациядан өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны