09.01.2014, 20:35 3568

ҚР Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды

Бүгін Қазақстанның Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды деп, ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстанның Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды деп, ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"2014 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Осы күні әскери бөлімдерде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар өткізіліп, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, сондай-ақ, парк-шаруашылық күндері барысында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, жауынгерлік есептоптарды жеткізу бойынша кешенді сабақтар өткізілді. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару органдарының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамын жоғары жауынгерлік әзірлікке келтіру жұмысын үйлестіру мен жеке құрамның іс-қимылдардағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіретін болады", - делінген хабарламада.

"Кәсіпқой маман - армия негізі" деген жауынгерлік ұранмен өтетін биылғы жылдың ерекшелігі, оқу жылы бұрнағы жылдардағыдай қысқы және жазғы болып екіге бөлінбейді. Қаңтар айында жалауын көтерген жауынгерлік оқу жылы қазан айының аяғында мәреге жетеді. Сонымен қатар, Қарулы Күштердегі дербес құрамалар жаңа бағдарламаны меңгеретін болады. "Шығыс", "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің және Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшыларының басшылығымен биылғы жылы бес бірдей бригадалық оқу-жаттығулары өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны