27.10.2016, 11:26 2386

ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілеріне жаӊа пәтерлердіӊ кілті табыс етілді

Жаӊа 2 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы шеӊберінде тез салынатын үйлердіӊ жеке жобасы бойынша тұрғызылды.

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 26 қазанында 68665 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілеріне пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Жаӊа 2 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы шеӊберінде тез салынатын үйлердіӊ жеке жобасы бойынша тұрғызылды.

Салынған үй тұру үшін толығымен дайын. Пәтерлер кіріктірілген жиһазбен жабдықталған, сантехника орнатылды. Искери қызметшілер мен олардыӊ отбасылары жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған.

Абаттандырылған аумақта ойын, балалар алаӊқайы мен автомобиль тұрағы қарастырылған.

Искери қалашықтарды дамыту және әскери қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету қазақстандық әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қолдаудыӊ басымдық бағыттарыныӊ бірі болып табылады.

"Бүгін біз үшін қуанышты күн. Біз көптен күткен пәтердіӊ кілтіне ие болдық. Илеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз жыл сайын жақсарып келеді. Бұл Жоғарғы Қолбасшымыз, Қорғаныс министрініӊ еӊбегі екенін атап өткім келеді. Искери қызметшілеріміз еш нәрсеге алаӊдамай қызметтерін атқаратын болды. Себебі, пәтерлерде барлық жағдай жасалған", - деп 68665 ә/б взвод командирі аға лейтенант Исет Ибілқасов атап өтті.

Қорғаныс министрлігі басшылығыныӊ қабылдап жатқан шараларыныӊ арқасында әскери қызметшілер мен олардыӊ отбасы мүшелерініӊ күнкөріс деӊгейі мен әл-ауқаты артып келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны