29.05.2015, 13:58 4520

ҚР Қарулы Күштерініӊ офицері бақылаушы ретінде Батыс Сахараға аттанбақ

Бүгін 29 мамырда БҰҰ халықаралық бітімгершілер күні атап өтіледі. Бұл мейрам жоғары кәсібилікті, қайсарлық пен ерлікті көрсете отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ бітімгершілік миссиясын орындау барысында қызмет еткен және қызмет етуді жалғастырып жүрген барлық әскери қызметшілерге деген сый-құрмет

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін 29 мамырда БҰҰ халықаралық бітімгершілер күні атап өтіледі. Бұл мейрам жоғары кәсібилікті, қайсарлық пен ерлікті көрсете отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ бітімгершілік миссиясын орындау барысында қызмет еткен және қызмет етуді жалғастырып жүрген барлық әскери қызметшілерге деген сый-құрмет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бітімгершілер күнін біраз уақыттан бері біздіӊ елде де мерекелеуде. Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ миссияларына қатысуда. 2014 жылғы шілдеде Қазақстан Қарулы Күштерінен Батыс Сахараға алғашқы бақылаушы аттанды. Қазіргі уақытта референдумды өткізу кезінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі БҰҰ миссиясына Батыс Сахарада әскери бақылаушылар ретінде "ҚАЗБРИГ" қазақстандық бітімгершілік бригадасыныӊ 4 офицері қызмет өткеруде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ 2 офицері ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап Кот-д,Ивуардағы (UNOCI) БҰҰ бітімгершілік миссиясына әскери бақылаушылар ретінде қызмет өткеруде.

Қазақстанныӊ бітімгершілік қызметі аясында бүгінгі күні бақылаушылар ретінде ҚР ҚК офицерлерін Гаити, Батыс Сахара, Кот-д,Ивуар және Либерияға (әрбір миссияға 5 әскери қызметшіге дейін) бақылаушылар ретінде жолдау көзделген.

Қазір миссияға аттануға біздіӊ тағы бір офицеріміз капитан Ғабиден Нұрғалиев дайындалуда. 30 мамырда ол Батыс Сахараға сапар шегеді. Ғабиден Нұрғалиевтіӊ қазақстандық бітімгершілік батальонда қызмет тәжірибесі бар. Ол тілдік тестілеуді, жүргізуді сәтті тапсырды, сұхбаттасудан өтті және БҰҰ миссиясына қатысу үшін үздік үміткер ретінде таӊдалды. Батыс Сахарада офицер тура бір жыл болады.

Қарулы Күштердегі БҰҰ миссияларына қатысу үшін біздіӊ әскери қызметшілерді дайындау мақсатында "Қазбат" бітімгершілік батальоны құрылды. Бұл халықаралық стандарттар бойынша дайындалған және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін арналған бөлімше.

Қазақстан көпвекторлық пен теӊгерімділіктіӊ қағидаттарын ұстанатынын еске сала кетейік, бұл біздіӊ елімізде жанжалдасқан тараптар арасында сұхбатты реттеуге, шиеленіскен жағдайды тұрақтандыруды, көпдеӊгейлік ынтымақтастықты дамытуды ықпал етуге мүмкіндік береді. Жыл сайын еліміздіӊ әскери қызметшілері ҰҚШҰ мүше мемлекеттерініӊ бітімгершілік контингентімен оқу-жаттығуларға қатысады. Оныӊ барысында бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны дайындау жұмысында және барысында ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштері басқару органдарыныӊ өзара іс-қимылы пысықталады.

Бұл іс-шаралар халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытудағы маӊызды кезеӊ болып табылады және тұрақтылықты нығайтуға дәнекер болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны