14.01.2015, 10:43 5869

ҚР Қаржы министрлігінде бірқатар тағайындаулар болды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Бұл туралы аталмыш ведомствоныӊ ресми порталында хабарланған

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Бұл туралы аталмыш ведомствоныӊ ресми порталында хабарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрініӊ бұйрығымен Мұхтар Таӊатұлы Бейсембаев алмастыру тәртібімен Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігіне ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетініӊ төрағасы ретінде атқарып отырған қызметінен босатылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жауапты хатшысыныӊ бұйрығымен Айдар Зейноллаұлы Мекебеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ Қаржы мониторингі комитеті төрағасыныӊ орынбасары; Азамат Изімханұлы Мелдебеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды.

Ал Амандық Тұрсынұлы Молдашев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ Қаржылық бақылау комитеті төрағасыныӊ орынбасары ретінде атқарып отырған қызметінен босатылып, ҚР Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ауыстырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны