09.07.2010, 13:13 3239

ҚР Қаржы полициясы құны 212 млрд теңге болатын мұнайды заңсыз өндіру дерегі бойынша "Теңізшевройл" қызметіне тексеріс бастады

"ҚР Экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне ҚР Бас прокуратурасынан құны 212 млрд теңге болатын мұнайды заңсыз өндіру дерегі бойынша "Теңізшевройл" ЖШС қызметіне тексеру жүргізу материалы келіп түсті", - деп хабарлады М. Жұманбай.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today ҚР Экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі құны 212 млрд теңге болатын мұнайды заңсыз өндіру дерегі бойынша "Теңізшевройл" ЖШС қызметіне тексеріс бастады. Бұл туралы бейсенбі күні Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

"ҚР Экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне ҚР Бас прокуратурасынан құны 212 млрд теңге болатын мұнайды заңсыз өндіру дерегі бойынша "Теңізшевройл" ЖШС қызметіне тексеру жүргізу материалы келіп түсті", - деп хабарлады М. Жұманбай.

Оның айтуынша, материал заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген, тексеру нәтижесі бойынша оған қатысты процессуалдық шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетсек, бұрынырақта ҚР Мұнай және газ министрлігі "Теңізшевройл" ЖШС өндіру келісімшартының шарттарын сақтамай отыруына байланысты компанияға шағым жолдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны