24.06.2010, 15:07 2925

ҚР Қаржы полициясы MAN басшылығы Қазақстанда пара берді деген деректі тексерумен айналысады

"Егер мұндай ақпарат тараса, біз оны тексеретін боламыз. Мен қазір ештеңе айта алмаймын, біз мұны тексереміз",- деді Қ. Қожамжаров.

Бурабай. 24-маусым. Kazakhstan Today ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі MAN басшылығы Қазақстанда пара берді деген деректі тексерумен айналысады. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында мекеме төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Егер мұндай ақпарат тараса, біз оны тексеретін боламыз. Мен қазір ештеңе айта алмаймын, біз мұны тексереміз",- деді Қ. Қожамжаров.

Журналистердің тексеруді нақты қай мекеме жүргізетіндігін нақтылау жөніндегі сұрағына "Ирине, мұнымен біз айналысамыз", деп жауап берді ол.

Естеріңізге сала кетсек, EarthTimes ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып MAN бұрынғы менеджері сотта компания Қазақстаннан турбина тасымалына тапсырыс алу үшін қомақты көлемде пара бергендігін мойындады, деп хабарлаған болатынбыз.

2007 жылға дейі MAN Turbo бөлімінің бастығы қызметін атқарған Хайнц Юрген М. Мюнхеннің сотында Қазақстаннан турбина тасымалына тапсырыс алу үшін қомақты көлемде пара бергендігін мойындады, деп хабарлайды EarthTimes немістің DPI АА сілтеме жасай отырып.

Бұл келісім шарт қол жеткізу үшін MAN басшылығы пара берді деген дерекке қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіліліп отырған бірінші Сот отырысы болатын.

Хайнц Юрген газ құбырын модернизациялауға қатысты қомақты келісім шартты жасау үшін қазақ әйеліне 9 млн еуро (11 млн АҚШ доллары) көлемінде қаржы бергендігін хабарлады. Ийелдің айтуынша, бұл сома "нарыққа шығу ақысы" болып табылады.

"Егер біз бұл соманы төлеуге келісім бермесек, біз келісім шартты қолға түсіре алмас едік",- деді ол. Сондай-ақ тендерге Siemens және General Electric компаниялары да қатысқан болатын.

Хайнц Юрген айтуынша, әйел Қазақстанда "экономикалық және саяси билігі жүре алатын әулеттің" делдалы болған. MAN ақшаны бірнеше банктік есеп шоттар арқылы төлеген.

Сот төрағасы Иоахим Эккерт (Joachim Eckert), егер өткен жылы қолға түсіп, бір аптадан кейін кепілдік беріп босатылған күдікті пара беру туралы толық айғақтар берген жағдайда, екі жылдан артық емес уақытқа шартты түрде сотталуы мүмкін екендігін хабарлаған болатын.

MAN тағы бір бұрынғы басшысы жуық арада сот алдында жауап береді. Компания осы даудан кейін 220 млн еуро көлемінде айыппұл және салық қарыздарын төлеуге келісімін берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны