18.07.2013, 13:15 4446

ҚР КБК ұқсас тауарлар бойынша әкелім бажын бірыңғайлауды ұсынды

ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік одақ комитеті тауарларға сипаттамалары ұқсас әкелім және кедендік әкелім бажын бірыңғайлауды ұсынды, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - ҚР КБК ұқсас тауарлар бойынша әкелім бажын бірыңғайлауды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік одақ комитеті тауарларға сипаттамалары ұқсас әкелім және кедендік әкелім бажын бірыңғайлауды ұсынды, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов.

"Баж салығын бірыңғайлау бойынша ұсыныстар бар, олар қаржы және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, сондай-ақ "Атамекен" Одағына жіберілді - әкелім және кедендік әкелім бажы мөлшерлемесін бірыңғайлау бойынша ұсыныс", - деді А.Ержанов.

Сонымен қатар, ол бұл кедендік әкімшіліктің жақсаруына, оның үдерістерін оңтайландыруға көмектесетінін және заң бұзушылықтар мен заңды емес айла жасау мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, кедендік мағлұмдау кезінде құжаттауды оңтайландыру шеңберінде Комитет тауарларды кедендік тазалау, сонымен қатар төлемдерді өтеу кезінде ұсынылатын құжаттардың қысқаруын болжайтын тұжырымдама әзірленген.

Бұдан өзге, КБК басшысы орынбасарының айтуынша, республиканың кедендік органдары үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында импортты электрондық мағлұмдау бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жүзеге асыруды жоспарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны