18.05.2015, 20:36 3834

ҚР ҚК әскери қызметшілері бес мемлекеттіӊ бөлімшелерімен бірлесіп арнайы операцияларды даярлауға кірісті

Тәжістан Республикасыныӊ аумағында 16-18 мамыр күндері ҰҚШҰ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерініӊ жауынгерлік тұрғыда жинақталуы және оларды бірлескен арнайы операциялар бойынша даярлыққа келтіру аяқталды

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Тәжістан Республикасыныӊ аумағында 16-18 мамыр күндері ҰҚШҰ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерініӊ жауынгерлік тұрғыда жинақталуы және оларды бірлескен арнайы операциялар бойынша даярлыққа келтіру аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге сала кетсек, Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерініӊ қазақстандық контингенті дабыл бойынша қауырт жиналып, тәжік-ауған шекарасына жөнелтілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

ҰҚШҰ штабы әзірлеген қауырт тексеру даярлығы бойынша Ауғанстан аумағындағы шекаралық жағдай шиеленісіп, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерін өрістету туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ шабуылдаушы десантшылар бөлімшесі және арнайы мақсаттағы топтар бес мемлекеттіӊ (Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) контигентімен бірлесіп арнайы операцияларға даярлыққа кірісіп кетті.

Қазақстанныӊ ИҚК барлау-іздестіру іс-қимылындағы десантшылар және арнайы мақсаттағы сарбаздар Су-27 ұшағымен әуеде барлау, соққы беру мәселелерін пысықтады. Осыған байланысты біздіӊ ұшақтар ұшуларды орындап, кейін қайтарда басқа мемлекеттердіӊ аэродромдарына қонбай, Қазақстандық аэродромға орналасты.

Қауырт тексеру барысын Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымыныӊ басшылығы бақылайды. Атап айтқанда, ҰҚШҰ Біріккен штабыныӊ бастығы генерал-лейтенант Александр Студеникин қазақстандық әскери қызметшілердіӊ жоғарғы деӊгейде ұйымдасқанын атап өтті.

"Жеке құрам тапсырманы толық орындады. "Харбмайдон" полигонында басшылық құрылды. Қолбасшыныӊ жетекшілігімен жеке құрам практикалық жұмысқа кірісті. Қазақстан Республикасыныӊ атынан келген әскери контигенттіӊ жеке құрамы өз міндеттерін үздік орындады. Барлығы полигонға келіп, басшылық бекіткен міндеттерді шешуге кірісті", - деп атап өтті генерал-лейтенант Александр Студеникин.

2015 жылғы 18 мамыр күні Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Эмомали Рахмон операция жоспарын бекітті. Жоспар бойынша 19 мамыр күні әскерлер Тәжіктіӊ Қорған-Төбе қаласыныӊ маӊында орналасқан "Харбмайдон" полигонында қарсыласты жоюға кіріседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны