05.09.2016, 12:36 3177

ҚР ҚК Искери-теӊіз күштері жаӊадан шақырылғандармен толығады

Қазақстанныӊ Искери-теӊіз күштері құрылғаннан бері алғаш рет 60 әскери қызметші санында мерзімді қызметтегі матростарды іріктеу жүзеге асырылуда.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Искери-теӊіз күштері мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен толығады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстанныӊ Искери-теӊіз күштері құрылғаннан бері алғаш рет 60 әскери қызметші санында мерзімді қызметтегі матростарды іріктеу жүзеге асырылуда. 2012 жылы ИТК 10 сарбазбен, 2013 жылы ҚР ҚК ИТК үшін 20 матроспен толықты.

Осы жылдыӊ толығуы еӊ көп санды болады деп күтілуде. "Қазақстанныӊ Искери-теӊіз күштері құрылған кезден бастап мерзімді қызметке іріктеу алғаш рет 2012 жылы жүзеге асырылған болатын.

Бұл жас матростарды қабылдап, оларға әскери-теӊіз ісін оқып-үйреткеніміздегі ИТК үшін бастапқы тәжірибе болды. Өйткені, теӊізші болу оӊай емес, алайда, құрметті іс", - деді сол кезде бөлім командирі болып, алғашқы жаӊадан шақырылғандарды қабылдап алған ҚР ҚК ИТК бас қолбасшысыныӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев. ҚР ҚК Искери-теӊіз күштеріне әрі қарай қызмет өткеру үшін Қытай, Ресей және Қазақстанныӊ жоғары оқу орындарын тәмамдаған 12 жас лейтенант келгенін естеріӊізге сала кетейік. Офицерлермен өміршеӊдік үшін "Оймаша" полигонында, яхта клубта және оқу-жаттықтыру станцияларында теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны