01.06.2015, 15:16 4243

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштеріне - 17 жыл

Бүгін 1 маусым күні ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ жеке құрамы 17 жылдығын атап өтуде

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін 1 маусым күні ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ жеке құрамы 17 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарулы Күштерді жетілдіру бойынша стратегиялық міндетті іске асыру мақсатында 1998 жылғы 1 маусымда Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Искери-әуе күштері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ Иуе қорғанысы күштері болып қайта құрылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл - еліміздіӊ Қарулы Күштерін қайта құру аясында жүзеге асырылды.

ИШҚҚ мен ИИК бірігуімен жедел және жауынгерлік даярлықтыӊ деӊгейін көтеру мақсатында әзірленген нақты ұйымдық және әдістемелік іс-шаралар нәтижесінде экономикалық шығынсыз есептоптар мен экипаждардыӊ жаттықтырылу және жауынгерлік әзірлік деӊгейін сақталды. Бұл ретте кәсіби даярлыққа, техникада жаттығуға, оқу тренажерларын пайдалануға үлкен көӊіл бөліне бастады. Мұӊыӊ барлығы шамалы материалдық шығынмен әскери мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Осыны негізге ала отырып, Иуе қорғанысы күштерініӊ басымдық міндеттері жауынгерлік кезекшілікті атқару болып табылады. Таӊныӊ атысымен, күнніӊ батысымен, кез келген ауа райында ұшқыштар мен зениттік-техникалық есептоптар біздіӊ халқымыздыӊ бейбіт, қажырлы еӊбегін күзету және қорғау бойынша қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға әзір.

Иуе қорғанысы күштерініӊ басшылығымен мемелкеттіӊ әскери қауіпсіздігін нығайту мен қорғауға, олардыӊ құрылымын қайта қру мен оӊтайландыруға бағытталған елеулі жұмыс атқарылды.

Иуе қорғанысы күштері кез келген әуе нысаналарын, сондай-ақ зениттік-зымырандық кешендерді жоюға қабілетті әуе және жерүсті нысаналарды жоюдыӊ заманауи құралдарымен жабдықталған. Олар: МиГ-31, МиГ-29, Су-27 және Су-30СМ ұшақтары. Аталған кешен барлық қолданылатын биіктік пен жылдамдық диапазонындағы қазіргі заманғы ұшақтарды, стратегиялық қанатты зымырандарды жоюға қабілетті.

Бүгін Иуе қорғанысы күштерінде ірі тактикалық оқу-жаттығуларда, практикалық сабақтар мен полигондарда өздерініӊ шеберліктерін бірнеше мәрте көрсеткен дайындалған жоғары шебер авиациялық мамандар, радиотехникалық және зениттік-зымырандық есептоптар жауынгерлік кезекшілікті атқаруда.

Бүгін Иуе қорғанысы күштерініӊ жеке құрамы өздерініӊ қажырлы еӊбегімен қазақ батырларыныӊ, майдангерлердіӊ, аталарымыз бен әкелеріміздіӊ даӊқты дәстүрін көбейтіп келе жатқанын сеніммен айтуға болады.

Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштері мен Иуе қорғанысы күштері біздіӊ тәуелсіздігіміздіӊ 23 жылы ішінде қажетті тәжірибе жинақтағанын, еліміздіӊ әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде және Достастық шеӊберінде өздерініӊ жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін жетілдіруді жалғастыруда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны