03.06.2015, 12:41 3170

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ бірнеше әскери бөлімі бір уақытта тексерілді

Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған Иуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығыныӊ кешенді комиссиясы Алматы және Талдықорған гарнизондарыныӊ әскери бөлімдеріне жоспарлы жұмыс сапарымен барды

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған Иуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығыныӊ кешенді комиссиясы Алматы және Талдықорған гарнизондарыныӊ әскери бөлімдеріне жоспарлы жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сапар мақсаты - жеке құрамныӊ жауынгерлік машық деӊгейін, қару-жарақ пен әскери техниканыӊ жай-күйін, жауынгерлік кезекшілік атқарудыӊ ұйымдастырылуын, материалдық-техникалық қамтамасыз етілу мен моральдық-психологиялық жай-күйді тексеру. Кешенді тексеріске бір уақытта бірнеше әскери бөлім ұшырады, онда олар жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтірілді. ИҚК бас қолбасшысы күндізгі және түнгі жағдайларда ұшуларға дайындықты және олардыӊ орындалуын, ұшқыштардыӊ ұшу тапсырмаларын сапалы орындауы мен ұшақты басқару техникасын тексерді. Одан басқа, түнгі уақытта 2 сағат бойы кезекші күштердіӊ (экипаждардыӊ) әуеде жауынгерлік кезекшілікті іс-жүзінде атқаруы тексерілді.

21642 ә/б техникалық пайдалану бөлімінде авиациялық техникаға регламенттік жұмыстар жүргізу барысы тексерілді.

Талдықорған гарнизонындағы жұмыс барысында ИҚК бас қолбасшысы авиациялық базада практикалық тағылымдамадан өтіп жатқан ИҚК Искери институтыныӊ курсанттарымен кездесіп, сұхбаттасты.

"Командирлер мен нұсқаушылар жас мамандардыӊ техникамен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы болуы және оларға жүктелген міндеттерді сәтті орындау үшін тиісті деӊгейде оқытуы тиіс. Курсанттар институтта алған білімдерін шебер қолдануы, жауынгерлік техниканы жақсы білуі, қажет болған жағдайда оны жауынгерлік жағдайда сауатты қолдана білуі маӊызды, - деді Нұрлан Орманбетов.

Тексеру соӊында әскерлер қызметі және тәртіпті нығайту бойынша кеӊестер берілді, әскери бөлімдердіӊ командирлері мен олардыӊ орынбасарларына қажетті көмек көрсетілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны