Система Orphus

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ курсанттары арасында жоспарлы әскери тағлымдамалар басталды

16.04.2015, 17:47 2285

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығын мерекелеу қарсаӊында 19132 әскери бөлімінде екі мәрте Кеӊес одағыныӊ батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштері әскери институтыныӊ 4 курс курсанттары штурманды тактикалық авиация мамандығы бойынша жоспарлы әскери тағлымдамадан өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Штурманды ұшуға даярлау оқу-жаттығуы курсына сәйкес Иуе қорғанысы күштерініӊ басшылығы төртінші курс курсанттарыныӊ кешенді іс-шараларын жоспарлады.

Жоспарлы тағлымдамада практикалық және теориялық сабақтар қамтылады. Бір ай бойы сынақтан өтуші курсанттар іс жүзінде штурмандық жұмыстардыӊ дағдыларын меӊгереді, ұшақты игеру курстарын зерделеп іс жүзінде ұшуды үйренеді, навигация бағдарламасын орындайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұдан басқа курсанттар өздерініӊ жалпы әскери жарғы бойынша, мемлекеттік-құқықтық және дене даярлығы, сондай-ақ қызметтік міндеттері бойынша білімін көрсетеді.

Штурманды даярлық жалпы, алдын-ала және ұшу алдындағы әзірлік болып бөлінетінін айта кеткен жөн.

Сынақ барысында курсанттар ұшу кеӊістігін зерделеп, картамен жұмыс жасайды, қажетті анықтамалық деректерді әзірлейді, есепті орындауда теориялық білімдері мен іс жүзіндегі машықты жетілдіреді. Алдын ала даярлау кезінде сынақ тапсырушылар ұшу бағытын картаға салуы тиіс. Аталған бағыт бойынша алдын-ала ұшу есебін орындап, ұшу шарттарын және штурманды ұшу жоспарын әзірлейді, сондай-ақ ұшудыӊ инженерлі-штурманды есебін орындайды. Курсанттар ұшуды басқару техникасы бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыратын болады. Бұдан өзге іс жүзіндегі оқу-жаттығу ұшулары түнгі ұшулар, оныӊ ішінде жай және күрделі ауа райы жағдайларында, сондай-ақ қону жүйесін пайдалану арқылы, қозғалтқыштыӊ істен шыққан кезіндегі қайталаушы құрылғылар бойынша ұшулар кіреді.

Искери тағлымдамаға Иуе қорғанысы күштері әскери институтыныӊ штурман мамандығы бойынша білім алып жатқан курсанттар: Бақыт Жанықұлов, Назар Орынбасар, Берікжан Құдайбергенов және Жанарбек Қуандықовтар келді.

Естеріӊізге сала кетейік, әскери тағлымдама 2015 жылдыӊ 21 шілдесіне дейін жалғасады.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны