22.01.2014, 19:47 20383

ҚР ҚК Бас штабының бастығы НАТО әскери комитетінің отырысына қатысты

"Кездесу Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі елдері форматында НАТО-ға мүше елдер мен әріптес елдер бас штаб бастықтарының деңгейінде өтті. Тараптар өткен жыл ішіндегі ынтымақтастық нәтижесін және "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимылдың перспективаларын, сондай ақ өңірлік және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады",- делінген хабарламада.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Брюссель қаласында НАТО әскери комитетінің жыл сайынғы отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі елдері форматында НАТО-ға мүше елдер мен әріптес елдер бас штаб бастықтарының деңгейінде өтті. Тараптар өткен жыл ішіндегі ынтымақтастық нәтижесін және "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимылдың перспективаларын, сондай ақ өңірлік және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады",- делінген хабарламада.

"Қазақстан біздің көпвекторлы саясатымыздың маңызды құраушысының бірі және ұлттық және өңірлік қауіпсіздік жүйесіне үлес қосатын НАТО-мен ынтымақтастыққа үлкен мән береді", - деп Сәкен Жасұзақов НАТО әскери кеңесінің төрағасы генерал Кнуд Бартелспен кездесу барысында атап өтті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында тараптар Ауғаныстанның тұрақты дамуы үшін халықаралық қауымдастықтың салып отырған күш-жігерін талқылады.

Қазақстан қазіргі уақытта Ауғанстанға гуманитарлық салада және білім беру саласында көмек көрсетуін жалғастыруда. Жыл сайын 200 ауғандық студент Қазақстанда бакалавриат бағдарламасымен инженер, педагог, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салалары мамандықтары бойынша білім алуда.

Бұдан басқа, Қазақстан Ауғанстандағы Қауіпсіздікке қолдау көрсету халықаралық күштеріне жер үстімен және әуемен жүк тасымалдау үшін аумағын ұсынып отыр.

Сондай-ақ Брюссель қаласындағы НАТО әскери комитетінің отырысы шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бастаған әскери делегация Түркиядан және Ұлыбританиядан келген әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрлігінің армия бітімгершілік әлеуетін көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жыл сайын бітімгершілік оқу-жаттығуларға қатысып келеді.

Бұрын хабарлағанымыздай, "Дала қыраны-2013" халықаралық оқу-жаттығуы қорытындысы бойынша НАТО сарапшылары "Қазбат" бітімгершілік батальонына жоғары баға берген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны