09.11.2016, 18:23 3888

ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерініӊ бөлімшелері ұзақ шақырымға жүріп өтті

Мұндай тосыннан оқу-жаттығулардыӊ өткізілуі ҚР Қарулы Күштерініӊ басшылығына әскерлердіӊ шынайы жай-күйі мен жауынгерлік мүмкіншіліктерін бағалауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, арнайы әскери операцияларды жүргізу амалдары мен тәсілдерін жетілдіруге ықпал ететінін атап өту қажет.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 8 қарашада кенеттен оқу-жаттығуды өткізу шеӊберінде десанттық-шабуылдау әскерлері алыс қашықтыққа әскери техниканыӊ қайта топтасуын жүзеге асырды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Жергілікті жерді барлауды жүзеге асыру және басты күштердіӊ келуініӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шартты қарсыластыӊ шоғырлануы аудандарыныӊ маӊында Ми-17 тікұшағынан десанттық-шабуылдау әскерлерініӊ барлау бөлімшелері түсірілді.

Бұл уақытта десанттық-шабуылдау әскерлерініӊ бөлімшелері, артиллериялық және инженерлік-саперлік бригадалары, сондай-ақ, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальоны Талдықорған қ., Сарыөзек к. және Қапшағай қ. ұдайы орналасу пункттерінен "Мәтібұлақ" және "Берег" оқу-жаттығу орталықтарына шықты. Шынжыртабанды техника лектерініӊ қозғалысы әрі қарайғы түсіру және арналым аудандарына өз жүрісімен далалық жолдар бойынша қозғала отырып, тралдарда автомобильді жолдар және магистральдар арқылы жүзеге асырылды.

Одан басқа, оқу-жаттығу шеӊберінде ҚР Қорғаныс министрі дағдарыстық аудандарда барлауды ұйымдастыру және авиациялық базалардыӊ диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде "Оӊтүстік", "Шығыс", "Батыс" өӊірлік қолбасшылығы әскерлерініӊ қолбасшыларына және ҚР ҚК ИҚК Искери-әуе күштеріне бірқатар кіріспе тапсырмалар жүктеді.

Мұндай тосыннан оқу-жаттығулардыӊ өткізілуі ҚР Қарулы Күштерініӊ басшылығына әскерлердіӊ шынайы жай-күйі мен жауынгерлік мүмкіншіліктерін бағалауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, арнайы әскери операцияларды жүргізу амалдары мен тәсілдерін жетілдіруге ықпал ететінін атап өту қажет.

ҚР Қарулы Күштерінде ағымдағы жылғы 7 қарашада басталып, 11 қараша күні аяқталатын десанттық-шабуылдау әскерлерімен тосыннан оқу-жаттығу өтіп жатқанын естеріӊізге сала кетейік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны