17.04.2015, 19:56 3496

ҚР ҚК ҚИ Аэроұтқыр әскерлерінде батальон командирлерініӊ жиыны аяқталды

ҚР ҚК ҚИ Аэроұтқыр әскерлері 32363 әскери бөлімініӊ базасында бір апта бойы батальон командирлерініӊ жиыны өтті. Аталған жиынға 32363, 18404, 12740, 74261, 16194 әскери бөлімдерінен барлығы 16 батальон командирі қатысты

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР ҚК ҚИ Аэроұтқыр әскерлері 32363 әскери бөлімініӊ базасында бір апта бойы батальон командирлерініӊ жиыны өтті. Аталған жиынға 32363, 18404, 12740, 74261, 16194 әскери бөлімдерінен барлығы 16 батальон командирі қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірінші күні жиынға қатысушылар дене даярлығы, тактика және кәсіби даярлықтар бойынша сынақтар тапсырды. Искери қызметшілер жауынгерлік, РХБҚ, тыл, техника, топография, барлау, атыс даярлығы, сондай-ақ байланыс, жедел басқару, мемлекеттік-құқықтық даярлық, психология және басқа да пәндер бойынша білімдерін жетілдірді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Командирлер жиынынаҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысыныӊ жауынгерлік даярлығы бойынша орынбасары полковник Р.Мұздыбаев жетекшілік етсе, сабақтарды ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасыныӊ офицерлері жүргізді.

Бұдан өзге жиын барысында батальон командирлеріне ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысыныӊ Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ж.Хасенов 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауыныӊ маӊыздылығы жөнінде дәріс оқыды.

Жиын соӊында батальон командирлері 60 шақырымдық шеру жасап, өз шыдамдылықтарын көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны