01.06.2015, 16:12 3758

ҚР ҚК офицерлерін аттестаттаудыӊ бірінші кезеӊініӊ қорытындысы шығарылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ офицерлер құрамын аттестаттаудыӊ бірінші кезеӊі аяқталады. Алдын ала қорытындыға сәйкес аттестаттаудан 6 063 офицер өтті

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ офицерлер құрамын аттестаттаудыӊ бірінші кезеӊі аяқталады. Алдын ала қорытындыға сәйкес аттестаттаудан 6 063 офицер өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

1593 әскери қызметшініӊ кандидатурасы комиссиямен жоғары бағаланды және жоғары әскери лауазымға ұсыну үшін резервке енгізілді. 1448 офицер Ұлттық қорғаныс университетіне, сондай-ақ ҰҚУ жанындағы жоғары академиялық курсқа оқуға түсу үшін оӊ ұсынымдар алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қаӊтар мен маусым аралығында батальон (дивизион), бөлім командирлері мен олардыӊ орынбасарлары лауазымдарында әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлерді атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келуін тексергенін еске сала кетейік. Ирбір әскери қызметшініӊ іскерлік, кәсіби, адамгершілік, жеке қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктері бірінші кезеӊ аясында бірқатар жаӊашылдық енгізіле отырып бағаланды. Алғаш рет бірнеше әскери бөлімде пилоттық жобамен бағалаудыӊ рейтингтік жүйесі сынамаланды, сондай-ақ әрбір сынақ тапсырушы офицердіӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заӊнамасын білу деӊгейін тексеру енгізілді. Бірінші кезеӊ аяқталғаннан кейін сынақтыӊ екінші кезеӊі басталады. Оныӊ шеӊберінде маусымныӊ 1-і мен қарашаныӊ 1-і аралығында аттестатталуға барлық қалған офицерлер құрамы жатады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны