02.06.2016, 23:35 5518

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы "KADEX-2016" көрмесініӊ ресми ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін, 2 маусымда Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев төртінші халықаралық "KADEX - 2016" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесініӊ ашылу рәсіміне қатысты

Астана. 2 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін, 2 маусымда Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев төртінші халықаралық "KADEX - 2016" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесініӊ ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы павильондарды аралап, әртүрлі елдердіӊ қорғаныс саласындағы ұсынылған экспонаттарыныӊ сапасына баға берді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Мұндай қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмелері отандық кәсіпорындарға шетелдік серіктестердіӊ тәжірибесін алуға және өз өндірісін дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Биылғы жылы тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығы. Жылдар бойы біз еліміздіӊ Қарулы Күштерін құрумен айналысып келеміз. Кез келген мемлекет өзініӊ тәуелсіздігін әрқашан Қарулы Күштерімен айқындайды. Қазақстанда кадрларды оқыту жүйесі ешқашан болған емес. Қазір сержанттардан бастап генералдарға дейін әскери істіӊ әртүрлі салалары бойынша Қорғаныс министрлігініӊ жоғары оқу орындарында оқытып жатырмыз. Искери жабдықпен қамсыздандыру және қамтамасыз ету - бұл еліміз үшін еӊ бастысы. Біз, негізінен кеӊес уақытында болған техниканы пайдаланамыз. Бірақ, қазір өздігінен әскери техниканы, қару-жарақ пен т.б. шығара алатынымызды мақтанышгпен айта аламыз. Біз қару-жарақты жеткізу және кейбір кәсіпорындарды Қазақстан аумағына ауыстыру жөнінде әртүрлі елдермен ынтымақтастық жасаудамыз. Біз Ресеймен ғана емес, сонымен бірге Еуропа, Израиль, Оӊтүстік Американыӊ көптеген елдерімен ынтымақтастықтамыз. Біз үлгі, тәжірибе алып, өзіміздіӊ әскери-өнеркәсіптік кешенімізді дамытуға тиіспіз", - деді Н. Назарбаев.

4-ші халықаралық "KADEX - 2016" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесініӊ ашылуы рәсімінде демонстрациялық алаӊда ТМД-дағы бірден-бір ҚР ҚК таулы-егерьлік полктіӊ әскери қызметшілері өздерініӊ тамаша өнерлерімен келушілерді тәнті етті.

Сондай-ақ "KADEX-2016" көрмесініӊ салтанатты ашылу рәсімінде бүкіл әлемге танымал "NOMAD" каскадерлық тобы әйгілі каскадер Жайдарбек Күнғожиновтіӊ жетекшілік етуімен өздерініӊ күрделі атты айлаларын көрсетті. Игорь Цайдыӊ жетекшілік етуімен "Кун-до" сахналық ұрыс мектебініӊ оқушылары қоян-қолтық ұрысты қолдана отырып, сахнаныӊ сәнін келтірді. Шоу-бағдарламаға ҚР ҚК 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасыныӊ әскери қызметшілері де қатысты. .

Көрменіӊ ашылу рәсімініӊ онлайн көрсетілімін алғаш рет ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ресми сайтында көруге болатынын айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны