26.04.2016, 20:35 3765

ҚР ҚК-ніӊ парашютшілері түнде дайындалмаған алаӊға және жүк контейнерімен секіруді орындады

Қ азақстан Республикасы Қарулы Күштері Парашюттік дайындық орталығыныӊ базасында "Первомайский" әуеайлағында арнайы парашюттік дайындық бойынша қазақстандық ИИК парашюттік-құтқару қызметі жеке құрамыныӊ жиыны өткізіледі

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today -Қ азақстан Республикасы Қарулы Күштері Парашюттік дайындық орталығыныӊ базасында "Первомайский" әуеайлағында арнайы парашюттік дайындық бойынша қазақстандық ИИК парашюттік-құтқару қызметі жеке құрамыныӊ жиыны өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиынға 53975 әскери бөлімі, Аэроұтқыр әскерлері және арнайы бөлімшелердіӊ іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметтіӊ әскери қызметшілері тартылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігіні? баспасөз қызметі.

Парашютшілердіӊ жиындары арнайы даярлық, сондай-ақ дағды мен олардыӊ біліктілігін арттыру жөнінде парашютші нұсқаушыларды даярлау бойынша өткізілді.

Парашюттік жиын барысында 3 мыӊ метрге дейін биіктіктен ашық парашютпен кідірте отырып, секірулер және түнде дайындалмаған алаӊға және жүк контейнерімен секірулер орындалды.

"Жиын бағдарламасы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес толық орындалады. Жиын парашюттік оқиғаларға алғышарттарсыз және жарақатсыз жақсы ұйымдасқан деӊгейде өтуде", - деп ҚР ҚК ИҚК Парашюттік даярлық орталығыныӊ бастығы подполковник Леонид Дудкин атап өтуде.

Жиын 2016 жылғы сәуірдіӊ 26-ы мен 29-ы аралығында Парашюттік дайындық орталығыныӊ базасында өтетінін естеріӊізге сала кетейік. Орталықтыӊ жеке құрамы қазіргі уақытта барлық Орта-Азиялық өӊірді ірі сайыстарда намысын қорғай отырып, сый-құрметке ие және халықаралық аренада танылған. 20 жылдыӊ ішінде команда спортшылары халықаралық додаларда 350 медаль иеленген. Оныӊ 83-і алтын медаль. Команда бірнеше мәрте парашюттік спорттыӊ әр түрінде Азия және Океания чемпионы атанды. Бапкерлік ұжыммен халықаралық дәрежедегі 18 спорт шебері дайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны