07.04.2016, 15:36 4685

ҚР ҚК-ніӊ ұшқыштары отандық тікұшақтарда ұшулар сыныптылығын арттырды

19132 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері дағды мен біліктіліктіӊ жоғары деӊгейін растады. Өздерініӊ шеберліктерін ұшқыштар ЕС-145 отандық тікұшағында жауынгерлік даярлықты арттыру бойынша жиындарда паш етті

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 19132 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері дағды мен біліктіліктіӊ жоғары деӊгейін растады. Өздерініӊ шеберліктерін ұшқыштар ЕС-145 отандық тікұшағында жауынгерлік даярлықты арттыру бойынша жиындарда паш етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталмыш тікұшақ іздестіру-құтқару, басшылық құрамды тасымалдау, сондай-ақ десанттық-көліктік тасымалдау жұмыстарын орындайды. Ұшудыӊ барынша биіктігі 5 000 метр", - деді ЕС-145 экипажыныӊ командирі лейтенант Дмитрий Якунев, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Искери ұшқыштар әлемдегі еӊ заманауи тікұшақтардыӊ бірі ЕС-145 тікұшағында ұшты. ЕС-145 қазақстандық "Еурокоптер Қазақстан инжиниринг" зауытында құрастырылған. Бұл зауыттыӊ өнімі "KADEX-2016" халықаралық көрмесінде ұсынылатын болады. Тікұшақ барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Шуыл деӊгейі төмен, жоғары жылдамдық сипаттамасына ие.

"Бөліміміздегі оқу-жаттықтыру ұшулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл аптасына күндізгі және түнгі 3-4 ұшу ауысымы. Искери қызметшілердіӊ әуедегі орташа уақыты 5 сағатты құрайды. Жауынгерлік тапсырмаларды арттыру бойынша ұшу уақыты 8 сағатқа жетуі мүмкін", - деді авиациялық эскадрилья авиациялық буыныныӊ аға ұшқышы (19132 әскери бөлімі армиялық авиацияныӊ) капитан Алексей Аляев.

Искери авиация ұшқыштарыныӊ жұмысы адамныӊ еӊбек қызметініӊ анағұрлым күрделі түрлерініӊ біріне жатқызылады. Негізгі күрделілік - ол көрінушілік. Тікұшақтарымыз кез келген метеожағдайларда, тәуліктіӊ күндізгі және түнгі уақытында ұшуға арналған.

Мұндай оқу-жаттықтыру ұшулары әскери ұшқыштардыӊ жауынгерлік және ұшу даярлығы жоғары деӊгейде екендігініӊ тағы бір дәлелі. ҚР Иуе қорғанысы күштерініӊ әскери қызметшілері барлық қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындайды және сыныптылықтарын арттырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны