26.10.2016, 09:45 2632

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ делегациясы "Кедендік қызмет - 2016" халықаралық көрмесіне қатысты

Дәулет Ерғожин бастаған ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ делегациясы да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердіӊ кедендік қызметтерініӊ ресми көрмесі мәртебесіне ие жиынға қатысып отыр.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 25-26 қазанда Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы кедендік қызметініӊ құрылғанына 25 жыл толуына орай "Кедендік қызмет - 2016" XVII халықаралық көрмесі өтуде.

Көрмеге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердіӊ кедендік әкімшіліктерініӊ, шетелдік кеден қызметтерініӊ басшылары, Дүниежүзілік кеден ұйымыныӊ басшылығы, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кәсіпкерлер ұйымдары қатысуда.

Дәулет Ерғожин бастаған ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ делегациясы да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердіӊ кедендік қызметтерініӊ ресми көрмесі мәртебесіне ие жиынға қатысып отыр.

Көрмеде кедендік істі жүзеге асыру саласындағы соӊғы жетістіктер, сыртқы сауда қызметі механизмдерін жетілдіру ісіндегі табыстар көрсетіледі.

Көрменіӊ тақырыптық бөлімдерініӊ бірі - сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған ақпараттық технологиялар және ақпараттық қамтамасыз ету.

Көрме қонақтары және қатысушыларына Қазақстанныӊ Мемлекеттік кірістер комитеті тақтасында Дәулет Ерғожин "Кедендік және салықтық әкімшілендірудіӊ автоматталған жүйесі" тұсаукесерін көрсетті.

Оған қоса, жиында "Кешендік модельді қолдану арқылы тауарларды шығарудан кейінгі кедендік бақылауды ұйымдастыру және өткізу туралы", "Кедендік және пошталық қызметтердіӊ өзара қызметініӊ өзекті мәселелері. Халықаралық пошталық жіберілімдерді өӊдеудіӊ жаӊа технологиялары және бұл нарықтыӊ даму бағыттары" тақырыптары бойынша дөӊгелек үстелдер өткізіледі, сондай-ақ зияткерлік құқықты қорғауды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны