05.07.2018, 19:48 3920

ҚР Қоғамдық даму министрі Қазақстанныӊ Бас раввинімен кездесті

Дархан Кәлетаев Қазақстандағы еврей қауымдастығы еліміздіӊ басқа да конфессияларымен бірге бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға айтарлықтай өз үлестерін қосып келе жатқанын атап өтті.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Қазақстанныӊ Бас раввині Ешая Элазар Когенмен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік-конфессияаралық қатынастардыӊ өзекті мәселелері және діни бірлестіктердіӊ қызметі талқыланды.

Дархан Кәлетаев Қазақстандағы еврей қауымдастығы еліміздіӊ басқа да конфессияларымен бірге бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға айтарлықтай өз үлестерін қосып келе жатқанын атап өтті.

Министр дінніӊ дәстүрлі идеялары негізінде рухани құндылықтарды сақтауға және дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша тиісті ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдегі конфессияаралық келісім қағидаларын сақтау және бекіту бойынша одан әрі ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Қарағанды қалаларында еврей қауымдастығыныӊ 7 жергілікті діни бірлестіктері жұмыс істейді. Сондай-ақ, олардыӊ республика бойынша 5 діни ғимараты бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны