04.07.2013, 11:57 2771

ҚР ҚОҚМ еліміздің 16 кәсіпорнына парниктік газдарды шығаруға сертификаттар берді

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 16 кәсіпорынға парниктік газдарды шығаруға сертификаттар берді, сонымен қатар алдын ала 40 өтінімді мақұлдады, деп хабарлады "Жасыл Даму" АҚ басшысы Сергей Цой Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - ҚР ҚОҚМ еліміздің 16 кәсіпорнына парниктік газдарды шығаруға сертификаттар берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 16 кәсіпорынға парниктік газдарды шығаруға сертификаттар берді, сонымен қатар алдын ала 40 өтінімді мақұлдады,

деп хабарлады "Жасыл Даму" АҚ басшысы Сергей Цой Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

"Қазір Министрлік 16 сертификат берді, 40 кәсіпорынның өтінімдері де алдын ала сертификат алуға мақұлданған", - деді С.Цой.

Сонымен қатар, қалған кәсіпорындармен жұмыс жалғасуда, консультациялар өткізілуде, олар құжаттарды тапсырып, қандай да бір санкцияларды қолданусыз қателерді түзетеді.

Бұдан өзге, оның айтуынша, 54 кәсіпорын ешқандай құжат тапсырған жоқ. "Бұл осы кәсіпорындардың жұмысын тоқтату бойынша шаралар қолданылуы тиіс қатерлер тобы, себебі мерзім 1 мамырда өткен", - деп толықтырды ұйым басшысы.

С.Цой атап өткендей, сертификатталмаған кәсіпорындардың жауапкершілігі Экологиялық кодексте жазылған және ол сертификат алғанға дейін кәсіпорын қызметін тоқтатуды қарастырады.

Оған қоса, ол көбіне құжат тапсырмаған энергетика және жылумен қамтамасыз ету секторының кәсіпорындары екенін басып айтты.

"Бұл шағын өңірлік жылу, энергетикалық станциялар, олар өз жұмысында не қаржыландыруды қарастырмаған, не олардың есеп жүргізетін экология бойынша штаттық маманы жоқ", - деп қортындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны