16.09.2011, 13:45 3647

ҚР көлік және коммуникация министрі Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізін салу сапасына қойылатын бақылауды күшейтуді тапсырды

ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік көлік дәлізін қайта салудың іске асырылу барысы жөнінде селекторлық жиналыс өткізді, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізін салу сапасына қойылатын бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік көлік дәлізін қайта салудың іске асырылу барысы жөнінде селекторлық жиналыс өткізді, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері басшыларының ақпараттарын тыңдай келе, министр Б. Камалиев жобаны іске асыруға қатысатын мердігерлік компаниялардың әр учаскесіндегі нақты проблемаларға баса назар аудартты. Министр жобаны басқару жөніндегі консультанттардың жұмысын қатал сынға алды.

Селекторлық жиналыстың қорытындысы бойынша көлік ведомствосының басшысы Б. Камалиев АЖК облыстық департаменттеріне қызметкерлерге жалақыны уақытылы төлеу және қауіпсіздік техникасының талаптарын ұстануды тапсырды. Жобаны басқару жөніндегі консультанттарға жобаны іске асыру, хаттамалық тапсырмалар, құрылысты бақылау жөніндегі консультанттар мен мердігерлік компаниялардың жұмыстарына мониторинг жүргізу тапсырылды. Құрылысты бақылау жөніндегі консультанттарға орындалып жатқан жұмыс пен қолданылып жатқан материалдар сапасын бақылауды қамтамасыз етуді және қауіпсіздік техникасы талаптары мен еңбекті қорғауды қатаң ұстануды, тамақпен және жұмыскерлерді санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес жатын орынмен қамтамасыз етуді бақылауға алуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны