20.03.2013, 12:03 3187

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автовокзалдар, автостанциялар және тасымалдаушылар қызметтерінің бірыңғай стандарттарын енгізуді ұсынды

Бұл туралы бүгін көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім етті.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автовокзалдар, автостанциялар және тасымалдаушылар қызметтерінің бірыңғай стандарттарын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім етті.

"Бүгінгі таңда автовокзалдардың үштен бір бөлігі - 35%, автостанциялардың жартысынан көбі - 52% белгіленген талаптарға сай келмейді. Автобустардың жөнелту орындары жиі аяқастынан жасалады, такси инфрақұрылымы нашар дамыған. Бұл жағдайды жақсарту үшін автовокзалдар, автостанциялар және тасымалдаушылар қызметтерінің бірыңғай стандарттарын енгізу ұсынылды", - деді А.Жұмағалиев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жолаушылар үшін жайлылық жасау мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заңжобасында элетрондық билеттендіруді дамыту бойынша нормалар белгіленуде.

"Сонымен қатар, автостанциялары жоқ елді мекендерде жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің желісін дамыту көзделген",- деді министр.

Жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтқанда ведомство басшысы бүгінгі таңда көлік бақылау бекеттері жүк көліктік ағынның 30 пайызын ғана тексеретінін айтты.

"Осыған байланысты салмақ өлшеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу ұсынылды. Осының есебінен сыбайлас жемқорлық азаяды деп көзделуде. Осыған қоса, жаңа жүйе жүкті жеткізу мерзімін қысқартып, жүк тасымалдаудың өзіндік құнын төмендетеді", - деп хабарлады А.Жұмағалиев.

Оған қоса, автокөлік жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша шарасы ретінде жүктерді жалпы пайдалануға арналған жолдармен карьерлік самосвалдармен тасымалдауға тиым салу ұсынылуда.

"Айта кету керек, Мәжілістің жұмыс тобы шеңберінде автобустардың қозғалысын онлайн режимде бақылауға қатысты түзетулер жасалған. Апат болған жағдайда жедел шақыру жүйесін құру жол-көлік оқиғасы зардаптарының ауырлығын қысқартады", - деп қортындылады А.Жұмағалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны