06.06.2012, 16:59 2975

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі "МАУ" әуекомпаниясына уақытша рұқсат берді

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі "Международные авиалинии Украины" ("МАУ") әуекомпаниясына 2012 жылғы 6-шы маусым мен 10-шы шілде аралығында Киев - Алматы - Киев бағытындағы ұшу сапарларын уақытша жүзеге асыруға рұқсат берді.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі "МАУ" әуекомпаниясына 2012 жылғы 10 шілдеге дейін Киев - Алматы - Киев бағытында ұшу сапарын жүзеге асыруға рұқсат берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі "Международные авиалинии Украины" ("МАУ") әуекомпаниясына 2012 жылғы 6-шы маусым мен 10-шы шілде аралығында Киев - Алматы - Киев бағытындағы ұшу сапарларын уақытша жүзеге асыруға рұқсат берді.

Мұндай шешімді Қазақстанның әуе билігі футболдан өтетін Европа чемпионатына байланысты аталған ұшу сапарларына билет сатып алған жолаушылар тарапынан түсініспеушілікті болдырмау мақсатында қабылдап отыр.

Естеріңізге салып өтейік, ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті Украиналық әуекомпаниясына аталған бағытқа жаз мезгілінде ұшу сапарын жүзеге асыруға рұқсат берген жоқ. Оған себеп, рұқсат беруге қажетті құжаттар тізімін аталған компания толық ұсынбай отыр.

"МАУ" әуекомпаниясы Киев - Алматы - Киев бағытындағы тұрақты ұшуларға рұқсат алмай тұрып, аталған ұшуларға билет сатуды жүзеге асырғанын атап өту керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны