04.09.2012, 16:05 3458

ҚР коммуналдық төлемдер бойынша қарыз 7,9 млрд теңгені құрайды

Қазақстан бойынша әкімдіктердің дебиторлық қарызы 11,3%-ға төмендеп, 7,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлімдеді, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі.

Астана. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР коммуналдық төлемдер бойынша қарыз 7,9 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан бойынша әкімдіктердің дебиторлық қарызы 11,3%-ға төмендеп, 7,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлімдеді, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі.

"2012 жылдың 8-ші мамыры күнгі үкімет отырысы барысында әкімдіктердің дебиторлық қарызын 50%-ға төмендету тапсырмасы берілген болатын. Аталған тапсырма бойынша көздеген мақсатқа тек Ақмола (84,7%), Ақтөбе (62,6%), Жамбыл (61,4%) және Қарағанды (59,2%) облыстарында ғана қол жеткіздік", - деді С.Нокин.

Оның айтуынша, 27 тамызға дейінгі жағдай бойынша дебиторлық қарыз көлемі 7,9 млрд теңгені құрайды.

"2011жылдың 19-шы сәуірінен бастап алғандағы аралықта жалпы қарыз көлемі11,3%-ға төмендеген. Аталмыш көрсеткішке Алматы қаласы бойынша қарыздың 1,4 млрд теңгеге немесе 80,2%-ға өсуі кері әсерін тигізді", -деп атап өтті Нокин.

Сонымен қатар, Нокин өз баяндамасында Астана (13,1%) қаласы, Оңтүстік Қазақстан (19,2%), Қостанай (17,7%) және Алматы (27,2%) облыстары бойынша қарыздың төмендемей отырғандығын ескертті.

"Икімдіктер дебиторлық қарыз көрсеткішін төмендетуге бағытталған жұмысты жандардыруы қажет", - деп түйіндеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны