13.10.2016, 15:00 4116

ҚР Қорғаныс министрі ағымдағы жыл бойынша әскерлердіӊ қорытынды тексерісін жүргізуде

Бүгін ағымдағы жыл бойынша әскерлердіӊ қорытынды тексерісі шеӊберінде ҚР Қорғаныс министрі Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарына тексеріс жүргізуге келді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ағымдағы жыл бойынша әскерлердіӊ қорытынды тексерісі шеӊберінде ҚР Қорғаныс министрі Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарына тексеріс жүргізуге келді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы ағымдағы жағдай мен қорытынды тексерістіӊ жүргізілу барысы туралы "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысыныӊ міндеттерін уақытша атқарушы және Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысыныӊ баяндамаларын тыӊдады.

Тексеріс кезінде генерал-полковник Сәкен Жасұзақов 01098 әскери бөлімі 2-ші танк батальоныныӊ іс-қимылдарын, роталық-тактикалық оқу-жаттығулардыӊ өткізілу барысын, ЖИЖМ-2 мен Т-72-ден мотоатқыш, танкті взводтардыӊ оқ атуларды орындауын тексерді.

Қорғаныс министрі танк жарақтандыруынан үздік оқ атқаны үшін 21450 әскери бөлімі 8-ші танк ротасы 1-ші танк взводыныӊ сержанты Нұрлан Райымбековті айрықша атап өтіп, оған алғыс жариялады.

Одан басқа, ведомство басшысы Отар және Сарыөзек гарнизондарыныӊ инфрақұрылымына жөндеу жүргізілуі барысын тексерді.

Тексеру қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысыныӊ тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау жөнінде Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарыныӊ командалық құрамы мен әскери қызметшілеріне нақты міндеттер жүктеді.

Искерлердіӊ қорытынды тексерісі барысында тактикалық буын, яғни, взвод, рота, батальонныӊ жауынгерлік әзірлігі мен оқытылуы жай-күйіне ерекше назар аударылатынын айта кеткен жөн.

Бақылау сабақтарыныӊ нәтижелері бойынша әрбір әскери қызметшіге баға қойылып, сондай-ақ, арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға бөлімшелердіӊ дайындығыныӊ егжей-тегжейлі талдауы жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны