26.02.2016, 16:40 5039

ҚР Қорғаныс министрі "Айбалта-2016" оқу-жаттығуыныӊ өткізілу барысын бақылады

Бүгін, 26 ақпан күні ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов "Шығыс" Өӊірлік қолбасшылығы, "Шығыс" сынақ алағында өтіп жатқан "Айбалта-2016" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Аталған жерге бірнеше күн бойы ҚР Қарулы Күштерініӊ барлық өӊірлік қолбасшылығыныӊ жауынгерлері тартылғ

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін, 26 ақпан күні ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов "Шығыс" Өӊірлік қолбасшылығы, "Шығыс" сынақ алағында өтіп жатқан "Айбалта-2016" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Аталған жерге бірнеше күн бойы ҚР Қарулы Күштерініӊ барлық өӊірлік қолбасшылығыныӊ жауынгерлері тартылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Далалық жағдайда жаттығу шараларын өткізу үшін әскерлерді біріктірілген тәсілмен 2 шақырымнан 4 шақырым қашықтыққа дейін жететін жауынгерлер мүлдем бейтаныс аймаққа тартылды. Сондай-ақ, "Үшарал" жедел әуежайында жауынгерлік топтар жасақталып, аталған Өӊірлік қолбасшылығы "Шығыс" сынақ алаӊына шоғырланды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Бөлімшеніӊ тәжірибелік іс-қимылы барысында тосқауыл-бекеттерде оқшаулаушы-бұғаттайтын шаралар игеріліп, шабуылдау әрекеттері жүргізілді. "Айбалта-2016" оқу-жаттығуыныӊ ерекшелігі қыстыӊ күрделі жағдайында барлық бөлімдер мен бөлімшелердіӊ толық қатысуымен жауынгерлердіӊ далалық аймақта жұмыс жасау дағдысын күшейту болып табылады.

Бірыӊғай жоспар бойынша жалпыәскерлік бөлімшелердіӊ арнайы тапсырмалары зерделенді. Сонымен қатар, Ми-8, Ми-17, Миг-27, Су-30, Су-27, Су-25 ұшақтарына барлаушы-соққы беруші әрекеттер жүргізіліп, әуе десантшыларын түсіру және де әскерилер шаӊғыда өзіне белгісіз аймақта жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін бөлімшелерді алға тарту қимылдары өткізілді.

"Шилка" атты зениттік қондырғы 100 м-ден 1500 м-ге дейінгі биіктікте ұшу жылдамдығы секундына 450 метрге жететін әуе мақсатындағы атысты қамтамасыз етті. Қазіргі заманға сай бұл күнде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу үшін оған қатысушы әскерлер үнемі барлау жұмыстарын жүргізіп, қару-жарақ пен әскери техниканы, жасырыну мен қорғану құралдарын шебер қолдана білуі керек. Бұл жауынгерлерден жоғары белсенділік пен ұйымдастырушылықты, рух пен физикалық күш және тәртіп пен ауызбіршілікті талап етеді.

Жаттығу кезінде құрамныӊ 3000-нан астам әскери қызметшісі, 900-ға жуық әскери және өзге де техника бірлігі, 20 бірлік шабылдаушы әуекемесі және 12 бірлік әскери ұшақ жұмылдырылды.

Одан бөлек, әскери қызметшілер барлық бөлімшелерді белгіленген аудандарға іс-жүзінде шығарып, жедел тапсырма аясында мемлекеттік шекараны күзетуді күшейту бойынша оқыту мәселелерін пысықтады.

Бұрын соӊды болмаған ірі оқу-жаттығуға ауа-райыныӊ қолайсыздығына, қыстыӊ қытымырлығына қарамастан табандылық пен төзімділік таныта білген барлығы 5 мыӊға жуық әскери қызметші жұмылдырылғанын естеріӊізге сала кетейік. Осы кезеӊ аралығында барлығы 1 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік әуе техника тартылып, іс-қимылдардыӊ реттілігін және жаттығудыӊ түпкі ойын жүзеге асыруы жетілдірілді.

Еӊ ірі жаттығу қимылдарына өӊірлік қолбасшылық басқармасы органдары мен Аэроұтқыр әскерлері, Искери әуе күштерініӊ, аймақтық қорғаныс және бригада басқармасыныӊ жедел топтары, Ұлттық Қауіпсіздік комитетініӊ шекара қызметініӊ өкілдері және де ІІМ ұлттық ұландар тартылды.

"Айбалта-2016" еӊ ірі оқу-жаттығуы тұӊғыш рет ұрыс кезеӊіне барынша жақындатылған жағдайда өткізілгенін айта кету керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны