21.12.2016, 13:57 3872

ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге жаӊа тұрғын үйлерден 240 пәтердіӊ кілттерін табыстады

Қазақстанныӊ қорғаныс ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Гвардейск, Сарыөзек және Алматы гарнизондарын аралады

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ қорғаныс ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Гвардейск, Сарыөзек және Алматы гарнизондарын аралады,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары барысында ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге жаӊа тұрғын үйлерден 240 пәтердіӊ кілттерін табыстады. "Гарнизондарда тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру Елбасы - Қарулы Күштердіӊ Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ әскери қызметшілердіӊ әлеуметтік тұрғыда қорғалуы деӊгейін арттыруға, олардыӊ Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде қызмет етуге ынталандыруы көӊіл бөлуініӊ жарқын үлгісі", - деп ҚР Қорғаныс министрі салтанатты шарада атап өтті.

Искери қалашықтарды дамыту және әскери қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету Қорғаныс министрлігі қызметініӊ басымдық бағыттарыныӊ бірі болып табылады. Жыл сайын ҚР Қарулы Күштерінде құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу арқылы оӊ мыӊдаған шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Мерейтолық 2016 жылы Ақтау, Аягөз, Сарыөзек және Гвардейск гарнизондарында 474 пәтер мен жатақханадағы 100 бөлменіӊ құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы ҚР ҚК Искери-әуе күштерініӊ жарақтандырылуына келіп түскен Ми-35М жаӊа көп мақсатты соққы тікұшақтарын қарап шықты. Жауынгерлік тікұшақтардыӊ аталмыш үлгісі басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақтыӊ көмегімен жерүсті нысаналар бойынша атыс тапсырмаларын орындау қабілеттілігіне ие екенін айта кеткен жөн.

Одан басқа, Алматы қаласында ҚР Қорғаныс министрі Қарулы Күштердіӊ ардагерлерімен қауышып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудіӊ бірқатар өзекті мәселелерін талқылады және қазақстандық армияныӊ қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін әрқайсысына алғыс білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны