08.09.2016, 09:25 1945

ҚР Қорғаныс министрі әскери нысандардыӊ қайта құрылуын тексерді

Қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы "Спасск" оқу-жаттығу орталығыныӊ барлық объектілерін тексеріп, Қарағанды гарнизонындағы 32356 әскери бөлімін дамыту жөніндегі негізгі басымдықтар мен жұмыстыӊ барлық көлемін белгіледі.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов "Спасск" оқу-жаттығу орталығы мен 68665 әскери бөлімін дамыту жөнінде көшпелі кеӊес өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы "Спасск" оқу-жаттығу орталығыныӊ барлық объектілерін тексеріп, Қарағанды гарнизонындағы 32356 әскери бөлімін дамыту жөніндегі негізгі басымдықтар мен жұмыстыӊ барлық көлемін белгіледі.

Танк айлағы, тактикалық алаӊ, әскери жарақтандыру пункттері, бақылау-өткізу пункті, казармалар ғана емес, сонымен бірге, әскери қызметшілердіӊ тұрмысына қажетті монша, клуб ғимараты, жатақхана, жылу жолы мен азық-түлік қоймасы секілді нысандар ауқымды жөндеуден өтеді. Бүгінгі таӊда "Спасск" Қазақстан Қарулы Күштері оқу-жаттығу орталықтарыныӊ бірі болып табылады. Онда "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны және "Алтын үкі" халықаралық сайысы сияқты республикалық және халықаралық деӊгейдегі ірі ауқымды іс-шаралар өткізіледі.

"Тәртіп болған жағдайда ғана біз атқарып жатқан жұмыста алға ілгерілеу болады", - деді Иманғали Тасмағамбетов. - Бұл әскери жүйедегі шеткі бұрышты тас іспетті. Барлығы мерзімінде орындалатын сапалы жұмысқа байланысты. Себебі, онсыз ауқымды жобаларды іске асыру мүмкін емес".

Қорғаныс министрі Астана маӊыӊдағы 68665 әскери бөлімініӊ инфрақұрылымы да алдағы уақытта жаӊартылатынын белгіледі. Мұнда барлық аумақ және әкімшілік-казармалық аймақ нысандары абаттандырылады. Қазіргі уақытта 120 пәтерлі екі тұрғын үйдіӊ құрылысы жүріп жатыр. Одан басқа, бөлім аумағында палаткалы лагерьге арналған аймақ қарастырылады. Онда далалық шығулар мен практикалық сабақтар кезінде әскери қызметшілерді орналастыру жоспарлануда. Бір сөзбен айтқанда, лагерь қазіргі заманғы талаптарға сай болады. Алайда, жағдай жауынгерлікке барынша жақындатылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны