21.07.2015, 12:53 3522

ҚР Қорғаныс министрі "Батыр арулар" байқауыныӊ жеӊімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтарын табыс етті

Бүгін, 2015 жылғы 21 шілдеде ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметші қыз-келіншектері арасында өткен "Батыр арулар" бірінші республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттаусалтанатты рәсімі өтті.

Астана. 21 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін, 2015 жылғы 21 шілдеде ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметші қыз-келіншектері арасында өткен "Батыр арулар" бірінші республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттаусалтанатты рәсімі өтті. Қазақстандық армияныӊ он екі үздік өкілін Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтіӊ өзі құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Батыр арулар" байқауы Отан алдындағы қызметінде өздерініӊ ер-азаматтармен теӊ дәрежеде иық тіресіп келе жатқан әскери қызметші қыз-келіншектерді табуға және олардыӊ қызметі туралы білуге мүмкіндік берді - бұл өнеге алудыӊ тамаша үлгісі, жұмыс күндерініӊ әскери қызметпен үздіксіз байланысы. Бертіндегіәлемдік тарихта "жауынгер қыз" деген түсінік айрықша болып саналатын. Алайда, ХХІ ғасырда осындай әскери қызметші қыз-келіншек немесе сарбаз қыз деген кәсіптіӊ болуы ешкімді таӊ қалдырмайтыны анық. Бұныӊ бір жарқын көрінісі ретінде "Батыр арулар" байқауын айтуға болады", - деді ол. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қатысуға өтініш берген сәттен бастап салтанатты рәсімге дейін көптеген нәзік жанды аруларға ауыр саналатын сынақтардан қыз-келіншектер мүдірмей өтті. Олар атты, гранаталар лақтырды, барлық кедергілерді еӊсерді, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды жүргізді.

"Бір кезде өз өмірін армиямен байланыстырған нәзік жанды арулар үшін бұл жұмыс қана емес, өмір сүру тәсілі және үлгісі. Бұл байқау кәсіпке деген өз қабілетіміз бен сүйіспеншілігімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Сіздіӊ қолыӊыздан марапат алу - біз үшін үлкен құрмет және жауапкершілік", - деп байқау жеӊімпаздарыныӊ бірі аға лейтенант Илия Хайруллина атап өтті.

Естеріӊізге сала кетсек, "Батыр арулар" ҚР ҚК әскери қызметші қыз-келіншектері арасындағы бірінші республикалық байқау. Аталған сайысқа қазақстандық армияныӊ барлық өкілдері қатысуға мүмкіндікалды. Еліміздіӊ түкпір-түкпірінен өтініш берген 123 қатысушыныӊ суреттері мен жеке сауалнамалары ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ресми сайтына орналастырылған болатын және бір ай бойы интернет пайдаланушыларыныӊ дауысын жинады.

Қырық күндік онлайн-дауыс беру нәтижесіндеқатысушыларға өте көп 255 725 дауыс берілді.

Байқау қазақстандықтардыӊ ғана емес, басқа да елдердіӊ тұрғындарыныӊ қызығушылығын туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістан елдерініӊ интернет пайдаланушылары белсене қатысты.

Нәтижесінде бірнеше сынақтардан мүдірмей өтіп, өздерініӊ жауынгерлік әзірлігін, шыдамдылығы мен мықтылығын дәлелдеген Қазақстан Қарулы Күштерініӊ лайықты өкілдері болып саналатын 12 жеӊімпаз анықталды. Байқау соӊында аруларды кәсіби стилистердіӊ қолынан әрлендіру және "Батыр арулар" байқауыныӊ әрбір жеӊімпазы әр парақты көркейте түсетін мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессиядан өтетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны