14.11.2007, 19:08 2848

ҚР қорғаныс министрі Дубайдағы халықаралық әуе ғарыш көрмесін аралады

ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов 11-15 қараша аралығында Дубай әуе жайының көрме орталығында өтіп жатқан халықаралық әуе-ғарыш Dubai Airshow көрмесіне барып қайтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі, қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов 11-15 қараша аралығында Дубай әуе жайының көрме орталығында өтіп жатқан халықаралық әуе-ғарыш Dubai Airshow көрмесіне барып қайтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі, қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жылына екі рет өтетін бұл көрме, әлемде көлемі жағынан басқа көрмелермен салыстырғанда үшінші орында. Көрме екі жаңа павильонда орналасып, біріншісінде әуе аппараттарының автоматтандырылған басқарылу және ұшудың имитациясына арналған техника екінші павильонда орналастырылған".

Шеруге Ресей, Украина, Канада, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Франция, Нидерланды, АҚШ, Иордания мен Швеция сияқты 11 елдің ұлттық павильондары ұсынылған.

Сонымен бірге, "көрмеге азаматтық және әскери авиациялық тауарлар өндіретін кәсіпорындары, авиация саласында пайдаланылатын құрал- саймандар, техникалық құрал жабдықтар, электрондық бақылау мен қозғалысты басқаратын жүйелер, ұшақтардың интерьерлері, авиациялық компьютерлік бағдарламалар, сондай-ақ ғарыш технологиялары, ғарыштық жер серігі жүйелері қойылған. Сонымен қатар телекоммуникациялық және қорғаныс жүйелерін шығаратын кәсіпорындардың тауарларын тамашалауға болады" деп толықтырды қорғаныс министрлігіндегілер.

Берілген мәліметтер бойынша, 2009 жылы Dubai Airshow көрмесі қазіргі уақытта іргетасы қаланып жатқан Dubai Exhibition World өтуі мүмкін, ал ол Jebel Ali ауданында орналасқан Dubai World Central әуелік және логистикалық орталығының құрамына кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны