28.04.2017, 20:46 5521

ҚР Қорғаныс министрі халықаралық қауіпсіздік бойынша VI Мәскеу конференциясында сөз сөйледі

Ауқымды форумныӊ негізгі тақырыптары лаӊкестікпен күресу өзекті мәселелері, Еуропадағы, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік проблемалары, Азия-Тынық мұхиты өӊірі мен Орта Азиядағы ахуал болды.

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Искери ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов халықаралық қауіпсіздік бойынша конференцияныӊ жұмысына қатысты.

Ауқымды форумныӊ негізгі тақырыптары лаӊкестікпен күресу өзекті мәселелері, Еуропадағы, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік проблемалары, Азия-Тынық мұхиты өӊірі мен Орта Азиядағы ахуал болды.

Конференцияныӊ жұмысына 750-ден астам қатысушы қатысты. Олардыӊ арасында 20-дан аса қорғаныс министрі мен әскери ведомство бас штабтарыныӊ 14 бастығы, 86 мемлекеттіӊ сарапшылар қоғамдастығы мен академиялық ортаныӊ өкілдері, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ҚКХК халықаралық ұйымдарыныӊ өкілдері болды.

"Бүгінде лаӊкестік және экстремизмге қарсы күрес сөзсіз халықаралық күн тәртібініӊ негізгі тармағына айналды. Қазақстан әлем мен өӊірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдай туғызуға ықпал жасауда. Мемлекет басшысыныӊ бастамасы бойынша Астана сириялық шиеленісті ретке келтіру бойынша саяси диалогтіӊ алаӊына айналды", - деп ҚР Қорғаныс министрі өзініӊ сөз сөйлеу барысында атап өтті.

Қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде оны "бейбітшілік, ынтымақтастық және қауіпсіздік аймағына" айналдыру үшін өӊір үшін маӊызды қауіпсіздік проблемаларды көтеруге ниетті екенін атап өтті.

Конференция шеӊберінде пленарлық отырыстарда сонымен қатар бірнеше елдіӊ қорғаныс министрлері, танымал саяси және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Бүгінгі таӊда халықаралық қауіпсіздіктіӊ анағұрлым көкейкесті мәселелерін талқыға салу үшін форум өзініӊ беделді алаӊ ретіндегі рөлін нығайтып жатқанын атап өту қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны