23.01.2015, 11:41 6044

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жұмыс сапарымен Ақтау гарнизонында болды

Бүгін, 2015 жылғы 22 қаӊтарда Ақтауда ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтіӊ қатысуымен "Сарыарқа" зымырандық-артиллериялық кемесіне ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ туын табыс ету салтанатты рәсімі өтті.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін, 2015 жылғы 22 қаӊтарда Ақтауда ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтіӊ қатысуымен "Сарыарқа" зымырандық-артиллериялық кемесіне ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ туын табыс ету салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ туын кеме командирі капитан-лейтенант Рүстем Жүнісовке табыс етті, деп хабарлайды mod.gov.kz тілшісі.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов: "Еӊ бастысы, "Сарыарқа" - отандық өндірістіӊ төл өнімі. Егемендік жылдары әлеуеті артып, экономикасы асқақтаған, сол арқылы қорғанысын қамдап, қауіпсіздігін арттырған мемлекетіміздіӊ ақталған мерейі. Күндіз-түні туған еліміздіӊ, әр үйіміздіӊ түзу түтіні мен кеӊ-байтақ жеріміздіӊ бүтіндігін ойлаған Елбасыныӊ сарабдал саясатыныӊ жемісі.

Мұныӊ өзі - бес қаруын асынып, болашақта осынау әскери кеменіӊ даӊқын асыратын теӊізшілеріміз үшін зор мәртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік. Елбасы алдындағы абыройлы парыз, ел алдындағы баянды борыш!", - деп тоқталды.

"Өз басым Сіздердіӊ бұл міндеттіӊ үдесінен шығып, Өздеріӊізге тапсырылған осы Жалауды биік ұстайтындарыӊызға сенімдімін.

Ендеше барша әскери теӊізшілерді, осы "Сарыарқа" кемесін жасаған отандық "Зенит" зауытыныӊ бүгінгі мерейлі сәтпен шын жүректен құттықтаймын. Баршаӊызға зор денсаулық, әскери қызметтеріӊізге толағай табыстар тілеймін.", - деді ол.

Искери-теӊіз базасыныӊ жеке құрамы Ақтау қаласы теӊіз портыныӊ № 7 тұрағында сап түзеді. Салтанатты рәсімге Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, оқушылар мен студенттер, әскери бөлімдердіӊ жеке құрамы қатысты.

Естеріӊізге сала кетейік, "Сарыарқа" - Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласыныӊ "Зенит" зауытында құрастырылған зымырандық-артиллериялық кеме. Кеме 2014 жылы суға түсірілген.

Еліміздіӊ теӊіз шекарасын күзетуге арналған "Сарыарқа" кемесі ҚР Қарулы Күштерініӊ тапсырысы бойынша жасалған болатын. Кеменіӊ су ығыстырғыштығы 250 тоннаға жуық, ұзындығы 42 метр шамасында және еӊ жоғарғы жылдамдығы 25-30 узел, жүзу қашықтығы 1200 миль.

Бұл кеме қазіргі заманғы зымырандық-артиллериялық қару-жарақпен, навигациялық және штурмандық қондырғылармен, сондай-ақ қуатты байланыс құралдарымен жабдықталған.

"Сарыарқа" зымырандық-артиллериялық кемесіне ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ туын табыс ету салтанатты рәсімі шеӊберінде Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаев, сондай-ақ Маӊғыстау облысы Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеӊесініӊ төрағасы отставкадағы полковник Амангельді Ғұмаров сөз сөйледі.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жұмыс сапары барысында авиациялық базаны, теӊіз жаяу әскерлері бригадасын және әскери-теӊіз базасын аралады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны