05.09.2016, 11:26 2624

ҚР Қорғаныс министрі ірі әскери полигондардыӊ даму бағыттарын белгіледі

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Тараз қаласындағы "Иулие ата" әуежайы әскери секторыныӊ аумағында және "Мәтібұлақ" полигонында көшпелі кеӊес өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Тараз қаласындағы "Иулие ата" әуежайы әскери секторыныӊ аумағында және "Мәтібұлақ" полигонында көшпелі кеӊес өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрі Тараз қаласындағы әуежайдыӊ әскери секторына барып, әскери бөлімдердіӊ әуеайлақтарына іргелес орналасқан нысандардыӊ құрылыс жоспарын қарастырды. Себебі, Қорғаныс министрлігініӊ жоспары бойынша мұнда ҰҰА дайындау және жауынгерлік қолдану орталығы құрылады.

Қайта құрастыру ауданы 50 мыӊ шаршы метр болатын әскери бөлімніӊ әуеайлақтық учаскесінде барлық нысандар салынып, жөндеуден өтеді.

Дәл осы күні Қорғаныс министрі "Мәтібұлақ" және "Гвардейск" полигондарында кеӊес өткізді. Өйткені, аталған нысандар авиацияны, зымыран әскерлері мен артиллерияны қолдана отырып, ірі әскери оқу-жаттығуларды бір уақытта өткізуге мүмкіндік беретін Қазақстандағы ауқымды жалпыәскери полигондардыӊ бірі болып табылады.

Бүгінгі таӊда негізгі бағыттар бойынша дамытудыӊ кешенді жоспары әзірленді. Онда құрылыс пен жөндеудіӊ барлық негізгі аспектілері көзделген. Ол командалық пункті, оқ-дәрі және авиацияны келтіру пункттері, атыс орындары, тікұшақ алаӊы, 100 метрлік оқ ату тирініӊ үйінділері, модульді казарма мен БӨП-тіӊ салынуы, кубрик үлгісі бойынша казармаларды қайта жабдықтау, тазарылмалы құрылыстардыӊ күрделі құрылысы. Сондай-ақ, әскери қалашықтыӊ инфрақұрылымын абаттандыру және көркейту.

"Белгіленген жұмыс қатаӊ кесте бойынша жүргізілуі тиіс. Демек, барлық өткізілетін шаралар 2017 жылдыӊ 1 шілдесіне қарай аяқталуы қажет. Жауапты адамдар орындалу мерзімін және жүргізілетін жұмыстыӊ сапасын қадағалап отырғандары жөн", - деп Иманғали Тасмағамбетов шегелеп айтты.

Одан басқа, күрделі жөндеу Қарағанды гарнизоныныӊ "Спасск" оқу-жаттығу полигонында, Астана қаласы Қырқыншы станция 68665 әскери бөлімініӊ аумағында жүргізіледі және Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері Искери институты оқу полигоныныӊ объектілері қалпына келтіріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны