28.06.2016, 16:05 4522

ҚР Қорғаныс министрі төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуын аяқтады

Бүгін, 28 маусымда Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сәуірдіӊ 18-і мен маусымныӊ 28-і аралығында Сарышаған полигонында өткен "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуыныӊ нәтижелерімен танысты

Астана. 28 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін, 28 маусымда Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сәуірдіӊ 18-і мен маусымныӊ 28-і аралығында Сарышаған полигонында өткен "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуыныӊ нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқу-жаттығу үш кезеӊде өткізілді. 1. "Күштер мен құралдарды толық жауынгерлік әзірлікке келтіру". 2. "Нысандарды қирату" 3. "Қиранды салдарын жою, бұзылған жерлерді қалпына келтіру", деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Аталған оқу-жаттығуды өткізудіӊ өзектілігі Сарышаған полигоныныӊ ауданында 20 жылдан аса пайдаланылмаған және қанағаттанарлықсыз жағдайдағы ғимараттар мен құрылыстардыӊ орналасуымен байланысты. Оныӊ шеӊберінде әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезінде апат салдарын бөлшектеуді жүргізді. Арнайы оқу-жаттығуды өткізу барысында 20 мыӊ гектар алаӊда 200-ден аса жарамсыз ғимарат пен құрылыс қопарылып, құлатылды.

"Бұл оқу-жаттығу ерекше бағытқа ие. Алғаш рет ниетке сәйкес әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезінде апат салдарын боршалауды жүргізді. Практикалық сабақтар жеке құрамныӊ, әскери инженерлер мен қопару топтарыныӊ машығы мен дағдысын жетілдіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта оқу-жаттығу нәтижелерін мұқият талдау қажет", - деді Иманғали Тасмағамбетов соӊғы кезеӊ барысында.

Жалпы алғанда, "Жәрдем-2016" оқу-жаттығуына 200-ден аса әскери қызметші тартылды, 170 жарылыс жүргізілді. 207 нысан құлатылды және шамамен 100 бірлік арнайы техника, яғни, бульдозерлер, тиегіштер мен экскаваторлар қатыстырылды. Соӊғы кезеӊге қиранды салдарын жоюдыӊ жалпы көлемі шамамен 170 мыӊ текше метрді құрады. Бұл көлемге құрылыс қоқысын тиеу және шығару, сондай-ақ құрылыс қоқысыныӊ алмастырылуы кірді.

Екі жарым ай ішінде әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеу мен боршалауды, сондай-ақ аумақты тазартып, соӊғы кәдеге жаратуды жүргізгенін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны