15.09.2015, 11:30 3545

ҚР Қорғаныс министрі ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері Кеӊесініӊ отырысына қатысты

ҚР Қорғаныс министрі Имангали Тасмағамбетов Тәжікстан Республикасыныӊ Душанбе қаласындағы ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері Кеӊесініӊ бірлескен отырысына қатысты

Астана. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін, 15 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Имангали Тасмағамбетов Тәжікстан Республикасыныӊ Душанбе қаласындағы ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері Кеӊесініӊ бірлескен отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл саммитке ерекше өзектілікті шекарада және ҰҚШҰ-ныӊ жауапкершілік аймағынан таяу маӊда болып жатқан белгілі оқиғалар мән береді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Душанбедегі саммитте Орта Азия өӊіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Таяу Шығыстағы ахуал мәселелері қаралды. Одан басқа, ҰҚШҰ-ныӊ ҰЖДК кенеттен тексеру, әскери оқу орындарында әскери кадрларды дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру және мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктерініӊ білім және ғылыми жұмысын үйлестіру, басқару органдары мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесініӊ күштері мен құралдарыныӊ құралымдарын жедел және жауынгерлік даярлау іс-шаралары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ныӊ әскерлерін (ұжымдық күштерін) басқару жүйесі, әскери және өзге де құралымдарды, олардыӊ жылжымалы мүлкі мен әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау аясындағы ынтымақтастық туралы келісім, теміржолдарды техникалық тасалаудыӊ бірыӊғай жүйесін құру туралы келісімніӊ қолданыс мерзімін ұзарту туралы хаттама, төтенше жағдайлар және ҰҚШҰ-ныӊ Хатшылығы бойынша Үйлестіру кеӊесініӊ қызметін жетілдіру туралы ҰҚК шешімі, ұйымныӊ бюджетін бекіту бойынша құжаттар топтамасына қол қойылды.

Ұжымдық қауіпсіздік Кеӊесініӊ өтініші қабылданды. Онда 2014 - 2015 жылдары Ұйыммен атқарылған жұмыс қорытындысы шығарылды және даму перспективалары айқындалды.

Барлығы ҰҚШҰ-ныӊ ұжымдық қауіпсіздік Кеӊесініӊ күн тәртібінде ҰҚШҰ-ныӊ әскери құрамдасына жататын 7 сұрақ болды.

"Тәжікстан - Орта-Азия өӊіріне ену жолындағы тосқауыл. Жалпы алғанда, ҰҚШҰ-ныӊ аумағында лаӊкестік, экстремизм, есірткініӊ заӊсыз айналымы, заӊсыз көші-қон және тағы басқамен байланысты өте көп талап және қауіп-қатер. Тәжікстан осы проблемалардыӊ қақ ортасында тұр", - деп атап өтті ҰҚШҰ-ныӊ бас хатшысы Николай Бордюжа.

Душанбедегі саммитте ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Тәжікстаннан Арменияға көшті. Қазіргі сәтте ҰҚШҰ-ға 6 ел, яғни, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретінін естеріӊізге сала кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны