23.05.2016, 18:05 4280

ҚР Қорғаныс министрі жаӊа авиациялық-техникалық орталыққа барды

Авиациялық орталықтыӊ құрылысыныӊ жалпы ауданы 62 660 шаршы метрді құрайды. Бүгінде бұл ҚР Қарулы Күштері мен әлеуетті құрылымдардыӊ мүддесінде мүмкіндіктерді іске асырып қана қоймай, сонымен бірге халықаралық деӊгейге шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір орталық.

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылдыӊ 23 мамырында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов төртінші халықаралық "KADEX-2016" қару-жарақ пен әскери техника көрмесініӊ басталуы қарсаӊында авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша алғашқы көпбейінді кәсіпорында - авиациялық техникалық орталықта жұмыс кеӊесін өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Авиаорталық авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жоғары технологиялық өндіріс базасын қалыптастыруға бағытталған. Мұнда әскери мақсаттағы ұшқышсыз ұшу аппаратарыныӊ өндірісі мен шығарылуы ретке келтіріледі, Қазақстан Искери-әуе күштері техникасыныӊ сервистік қызмет көрсетілуі мен жөнделуі жүргізіледі. Орталық пайдалануға берілгеннен бастап Су-30 жойғыштары мен С-295, Ан-26 және Ан-72 әскери-көліктік ұшақтарын оларға қызмет көрсету үшін ұшу аппараттарын жасау кәсіпорындарына жөнелту қажеттілігі жойылады. Тиісті дайындықтан қазақстандық техникалық персонал ұшақтардыӊ бүкіл қызмет көрсету циклі ішінде ұшу курсын қамтамасыз етеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Авиациялық орталықтыӊ құрылысыныӊ жалпы ауданы 62 660 шаршы метрді құрайды. Бүгінде бұл ҚР Қарулы Күштері мен әлеуетті құрылымдардыӊ мүддесінде мүмкіндіктерді іске асырып қана қоймай, сонымен бірге халықаралық деӊгейге шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір орталық.

Болашақта орталық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша анағұрлым кеӊінен қамтуды жоспарлап отыр.

Орталықта жұмыс жасау үшін өздерініӊ кадрларын дайындауға үлкен көӊіл бөлінуде. Ол үшін бір топ маман Испаниядағы "Airbus Millitary" оқу-жаттығу орталығында, екінші топ Украинадағы "Антонов" мемлекеттік кәспорнында, ал 3-топ техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша тәжірибе жинақтау үшін Израильде оқыды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны