20.04.2016, 15:03 3762

ҚР Қорғаныс министрі "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуына қатысты

Қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы әскери қызметшілердіӊ іс жүзіндегі іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамныӊ кәсіби даярлығын бағалады. Аталған оқу-жаттығу өзге оқу-жаттығулардан маӊызы жағынан түбегейлі ерекшеленеді және айрықша бағытқа ие

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылдыӊ 20 сәуірінде Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Сарышаған полигонында өтіп жатқан "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы әскери қызметшілердіӊ іс жүзіндегі іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамныӊ кәсіби даярлығын бағалады. Аталған оқу-жаттығу өзге оқу-жаттығулардан маӊызы жағынан түбегейлі ерекшеленеді және айрықша бағытқа ие, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ шеӊберінде әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезіндегі апат салдарын жою жұмыстарын жүргізеді. Себебі, Сарышаған полигоныныӊ ауданы мен осы полигонныӊ әкімшілік орталығы -Приозерск жабық қаласында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған ғимараттар мен құрылыстар орналасқан. Олар қираған, жөндеуге және әрі қарай пайдалануға келмейді.

Оқу-жаттығудыӊ әзірлемесіне сәйкес белгіленген аумақта орналасқан бірқатар ғимараттар мен құрылыстар миналап тасталды. Одан кейін ережелерге сәйкес мамандармен құрылыстар жарылды. Ал әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеу және боршалауды, сондай-ақ аумақты тазартып, пайдалануға беру мүмкіндігін жүргізеді. Осылайша, практикалық сабақтар бөлімшелердіӊ жеке құрамыныӊ, оныӊ ішінде әскери инженерлердіӊ дағдысы мен машығын жетілдіруге мүкміндік берді. Жалпы алғанда, "Жәрдем-2016" оқу-жаттығуына қатысуға 100-ден аса әскери қызметші, сондай-ақ 10-нан астам әскери қопарушы маман тартылды.

Оқу-жаттығуға шамамен 100 бірлік арнайы техника, яғни, бульдозерлер, тиегіштер және экскавторлар тартылды. Деректерге сүйенсек, оқу-жаттығу ағымдағы жылдыӊ шілдесіне дейін жалғасады. Жалпы, екі жарым ай ішінде әскери қызметшілер 60-тан аса ғимарат пен құрылысты жару және боршалауды жүргізуді жоспарлауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны