13.04.2009, 18:19 3158

ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Маерманов қызмет бабындағы міндеттерін атқарудан шеттетілді

ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Маерманов қызмет бабындағы міндеттерін атқарудан шеттетілді

Астана. 13 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов қызмет бабындағы міндеттерін атқарудан шеттетілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Ақмола гарнизонының әскери сотынан ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Маермановтың "мән-жай анықталған дейін" ұсталғаны туралы ақпарат келіп түсті.

"Қылмыстық іс қозғалуына байланысты еліміздің қорғаныс министрі сол күні оны аталған іс бойынша шешім шығарылғанға дейін қызмет бабындағы міндеттерін атқарудан шеттете тұру жөніндегі бұйрыққа қол қойды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны