03.06.2015, 13:26 4050

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери білім жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық саласында жаӊа құрылым құруды ұсынады

Бүгін, 3 маусымда Қырғыз Республикасыныӊ Шолпан-Ата қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеӊесініӊ отырысы басталды.

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін, 3 маусымда Қырғыз Республикасыныӊ Шолпан-Ата қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеӊесініӊ отырысы басталды. Отырыста халықаралық армия ойындарын, ИШҚҚ біріккен жүйесі әскерлерініӊ (күштерініӊ) "Жауынгерлік достастық - 2015" бірлескен оқу-жаттығуын, курсанттардыӊ халықаралық олимпиадасын өткізу мәселелері қаралды, сондай-ақ ұйымдық және практикалық іс-шаралар қосылған 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери кадрларды даярлау, жоғары әскери оқу орындары курсанттарыныӊ білім алуын ынталандыру, педагогикалық қызметпен тәжірибе алмасу аясында халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән берілді. Сонымен, Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскери оқу орындары басшыларыныӊ үйлестіру кеӊесін құруды ұсынды. Бұл саладағы ынтымақтастықтыӊ оӊ тәжірибесі бар және ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ бірыӊғай білім кеӊістігін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Искери жоғары оқу орындары арасында ТМД-ныӊ білім алаӊында олардыӊ әлеуеттерін біріктіретіндей және сәйкесінше олардыӊ арасында өзара іс-қимылды үйлестіретіндей мұндай ұйымдар жоқ. Оқу орындарыныӊ заманауи өзара іс-қимыл жасау үлгілерін мойындай отырып және ТМД Қорғаныс министрлері Кеӊесімен сәтті іске асырылып жүрген интеграциялық процестерді әрі қарай дамыту мақсатында Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскери оқу орындары басшыларыныӊ үйлестіру кеӊесін құруды ұсынады", - деп Елбасы - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетініӊ бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев хабарлады.

"Үйлестіру кеӊесі ТМД-ныӊ әскери жоғары оқу орындары арасында тиімді өзара іс-қимыл жасау және тәжірибе алмасу үшін қажетті сұхбаттасу алаӊына айналмақ. Оныӊ қызметі әскери оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруге, әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, әскери оқу орындарыныӊ білім беру әлеуетін дамыту мәселелеріне, сондай-ақ әскери оқу орындарыныӊ оқу, әдістемелік және ғылыми жұмыстағы тәжірибесімен және жетістіктерімен алмасуға бағытталатын болады", - деп Рыспаев атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны